«Қазақ, орыс және шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі - Құлжанова Нұржамал Халлиқызы, ұялы тел: 8 702 383 55 18, e-mail: [email protected]
Орналасқан орны: Атырау қ., Баймұханов көшесі 45 А, 5 корпус,.302 каб.
«Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасы шығарушы кафедраға жатпайды. Университет мамандықтарының типтік оқу жоспарына сәйкес қазақ, орыс және шетел тілдері оқытылатын міндетті пәндерге жатады. Кафедра құрамында шетелде әртүрлі бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курстарынан және тағылымдамадан өткен қазақ, орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінің жоғары білікті мамандары қызмет атқарады (Г.К. Қабдырахманова, М.Т. Қуатова – Германия, Б.Б. Әмір – Англия, Г.Б. Ақмұрзиева – Чехия, А.Ж. Тұрдағалиева – АҚШ).
Кафедра оқытушылары біліктіліктерін көтеру мақсатында Қазақстандағы шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдар, соның ішінде Ұлыбритания (British Council), Германия (Гёте атындағы Институт), Израиль (Edusoft Discoveries) ұйымдастыратын ғылыми-әдістемелік семинарларға белсенді қатысады. Кафедра оқытушылары оқу үдерісінің сапасын арттыру, өз бетінше дайындықты күшейтуге, танымдық қызметін белсендіруге мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар мен жаңа оқыту әдістерін тиімді енгізуде. Оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік басылымдар әзірленді. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Атырау қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыруда және өткізуде бастамашы болып отыр.
Қазіргі уақытта кафедра ұжымы педагогикалық қызметтік барлық бағыттарында белсенді қызметтерін атқаруда. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында университетте оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін көп тілді топтарда мамандарды даярлау іске асуда.