"Жалпы техникалық пәндер" кафедра менгерушісі - Жоламанова Зәуре Қамзақызы, ұялы тел: 8 701 462 92 30, e-mail: [email protected]
«Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы КЕАҚ «Атырау мұнай және газ университетінің» Мұнайгаз факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кафедра миссиясы – студенттер үшін тиімді ғылыми-білім беру ортасын құру, ПОҚ, зертханалық қызметкерлер үшін ғылыми технологияларды пайдалана отырып, инновациялық әдісімен білім беру.
Кафедра даму стратегиясының мақсаты – қазіргі заманғы қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес білім беру инновациялық дамуына үлес қосатын сапалы қызмет (білім беру, инженерлік және технологиялық) қамтамасыз етуге құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлау.
Кафедра есебі:
- кафедраның негізгі материалды және техникалық базасын құру процесін жетілдіру;
- ғылыми-зерттеу және кафедраның тәрбие жұмысын күшейту;
- әрбір пән үшін оқу-әдістемелік материалдар жасақтау (электронды түрде).
2015 жылы «Математика және информатика», «Жалпы техникалық пәндер» кафедралары АтМГИ ректоры бұйрығымен біріктірілді. Біріктірілген кафедра атауы - «Жалпы техникалық пәндер». Қайта құрылған «ЖТП» кафедрасын ф.-м.ғ.к. профессор Жоламанова З.Қ. басқарады.
КАФЕДРА ПОТЕНЦИАЛЫ
Кафедрада 19 оқытушы жұмыс жасайды:
- 2 физика-математика ғылымдар докторы, профессор
- 1 техникалық ғылымдар кандидаты, АтМГУ профессоры
- 4 физика-математика ғылымдар кандидаты, АтМГУ профессорлары
- 8 АтМГУ доценті
- 4 аға оқытушы
Оқу-әдістемелік жұмыс
Кафедра оқытушылары теориялық және қолданбалы сабақтарын барлық қол жетімді оқу-әдістемелік материалдар мен техникалық құралдар пайдаланып, жақсы әдістемелік деңгейде жүзеге асырылады.
Білім беру процесінің ажырамас бөлігі – оқу әдістемелік жұмыс болып табылғандықтан, кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы жұмысының тиімділігі оқытушының оқу әдістемелік дағдыларының деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан, кафедра тарапынан оқу-әдістемелік семинарлар, шеберлік сабақтар өткізіледі.
Кафедра келесі пәндер бойынша студенттерге білім береді:
-
Математика
-
Экономикадағы математика
-
Физика
-
Электротехника және электроника негіздері
-
Теориалық механика
-
Материалдар кедергісі
-
Машина бөлшектері
-
Гидравлика
-
Инженерлік графика
-
Сызба геометрия
-
Механизмдер және машиналар теориясы
-
Термодинамика және жылутехникасы
-
Термодинамика
-
Жылутехника
-
Автокад графикалық жүйесі
«Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы «Жалпы физика» пәні оқу-зертханаларымен жабдықталған.
Ғылыми-зерттеу жұмыс
Кафедраның барлық қызметкерлері ғылыми мақалаларды, монографияларды шығаруға жұмыс істеп келеді. 2016-17 оқу жылында кафедра прфессоры Құлжановтың Д.О. ж.б. «Экспериментальные методы исследования диффузии и концентрационный гравитационной конвекции, вызванной неустойчивостью механического равновесия в многокомпонентных газовых смесях» атты монографиясы жарық көрді. 2016-17 оқу жылында кафедра бойынша жоғары импакт-фактормен 6 мақала шығарылды: Құлжанов Д.О. ж.б. «Emergence of Convective Flows Diffusional Mass Transter in Ternary Gas Systems: The Effect of Component Concentrations», «Экспериментальное исследование смешения бинарной газовой смеси во встречный поток третьего компонента различной интенсивности в режиме развитой конвекции», Диарова Д.М. ж.б. «Применение компьютерной алгебры в решении Ньютоновой проблемы многих тел», Галиева Л.Х. ж.б. «Әртүрлі материалдарды тығыздаушы қондырғылардың жұмыс процесстеріне және тығыздалуға әсер ететін негізгі факторлерге жүргізілген талдау», Марданова Л.О. ж.б. «Колебения геометрически нелинейной бурильной динамической системы». Доцент Галиева Л.Х. «Способ компенсации отклонении при монтаже систем трубопроводов» атты өнер-табыс патентін алды. Каферада ғылыми семинарлар өткізіледі.
Студеттің ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедра ұжымы жыл сайын бірлескен ғылыми-зерттеу қызметіне және қабілетті студенттерді тартып, институтаралық аймақтық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады.
Студеттің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру барысында кафедрада келесі үйірмелер жасақталған: «МАТЕМАТИКА», «ФИЗИК»
Математика» үйірме жетекшісі кафедра аға оқытушысы Жүргенова К.С.
«Физик» үйірме жетекшісі кафедра аға оқытушысы Ерекешова А.Х.
Үйірмеге 60-тан астам студенттер қатысады:
-стандартты емес есептер шығарады, пәндік олимпиадаға дайындалады;
- зертханалық жабдықтарда эксперементтік жұмыстар жасалады;
- студенттік конференцияға баяндамалар жасақталады;