«Геология және геофизика» кафедрасы

«Геология және геофизика» кафедра меңгерушісі - геология-минерология ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрсұлтанова София Нұрбайқызы, ұялы тел: 8 701 442 78 37, e-mail: [email protected]

     «Геология және геофизика» кафедрасы 1990 жылы «Мұнай және газ геологиясы» кафедрасы негізінде құрылды  және геология, геофизика, геодезия, жерге орналастыру  мамандықтары бойынша бакалавр  дайындауда университеттегі алдынғы қатарлы кафедралардың бірі болып саналады. 

Әр жылдары «Мұнай және газ геологиясы» кафедрасын геология-минерология ғылымдарының кандидаты  Амирова Нурслу Амировна, Айтиева Нурлы Тельмановна, Мурзагалиев Дюсен Мурзагалиевич, Законов Артур Нурлыгужиевич басқарды.

Ғылыми жұмыстар

Мамандарды дайындауды көрнекті ғалымдар, тәжірибелі оқытушылар жүзеге асырады. Кафедраның тәжірибиелері мол ұстаздар қатарында 3 геология- минералогия ғылымдарының  докторы Диаров Муфтах Диарович, Мурзагалиев Дюсен Мурзагалиевич, Бакирова Светлана Федоровна, 1 – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ирзагалиев Косыбек Салтанатович, 3 - ғылым кандидаты, профессор Нурсултанова София Нурбаевна,   Законов Артур Нурлыгужиевич, Курбанов Нажбудин Шалассуевич, 1- техника ғылымдарының кандидаты Нурпейсов Ербол Темиргалиевич, доценттер Калимова Н.Т., Габджанова Б.З., Турниязова А.Б., Ежирова А.У., Нысанова А.С., аға оқытушылар Ризуанова Г.К.,Биязбаев А.А., Мухамбетова Г.және олардың ізін басушы жас оқытушылар Ажмагамбетова Ж.Ж.,Абилгазиева А.Ш., Раимханова Д.Н.  еңбек етеді.

«Геология и геофизика»  кафедрасы қарасты  интерактивті тақта мен мультимедиалық аппараттармен жабдықталған 1.5В070600- «Пайдалы қазба кенорындарының геологиясы және оларды барлау»,  мамандандыру бойынша  «Іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері», 

2.5В071100- «Геодезия және картография»,

3.5В07090300-  «Жерге орналастыру» мамандықтары бойынша бакалаврларды оқытады.

5В070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы

5В070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген түлекке геолгия және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бакалвры академиялық дәрежесі беріледі.

         Кәсіптік қызметінің саласы – геология,геология ғылымы, минералдық-шикі-зат кешеніне геологиялық қызмет жасау.

Кәсіби қызметінің бағыты:

  • Геологиялық түсірім, пайдалы қазба кен орындарын іздеу және барлау;
  • Геофизикалық зерттеу бағытындағы ғылыми әдістер;
  • Мұнай және газ геологиясы;
  • Гидрогеология;
  •  Инженерлік геология және геоэкология;
  • Сейсмология;
  • Пайдалы қазба кенорындарын барлау техникасы мен технологиясы.

5В070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:  жобалық,  ғылыми-зерттеу, технологиялық, ұйымдастыру және басқару.

Түлектер инженерлік, лаборант, техник-лаборанттық   қызметтерді істей         

алады.

5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы

5В090300 –«Жерге орналастыру» мамандығы бойынша оқу бітірген түлекке жерге ьорналастырушы бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектердің кәсіби қызметінің саласы Қазақстан Республикасының жер ресурстарын тиімді пайдаланудың жер қатынастары болып табылады.

Кәсіби қызметінің бағыты:

  • Геодезиялық және топографиялық түсірулер;
  • Фотограмметрия және картографиялық түзету;
  • Жерді тіркеу және есепке алу;
  • Жер ресурстарын басқару;
  • Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу әдістері.

Жерге орналастырушы бакалавр ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігінің кәсіпорындарында, ұйымдарында мынадай қызмет істей алады: жерге орналастырушы, жобалаушы, геодезист, картограф, инспектор.

5В071100 – «Геодезия және картография» мамандығы

5В071100 – «Геодезия және картография» мамандығы бойынша түлекке геодезия және картография бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалаврдың кәсіби қызмет саласы, экономикамыздың барлық саласы өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет, ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіптік құрылыс салалары болып танылады.

Кәсіби қызметінің бағыты:

  • Инженерлік құрылымдарды салуда геодезиялық қызмет көрсету;
  • Геодезиялық-маркшейдерлік жұмыстар;
  • Топографиялық түсірістерді жүргізу;
  • Фотограмметриялық әдістер;
  • Әуеден түсіру жұмыстарын жүргізу.

Мамандықты бітірушілер келесі лауазымдарда қызмет істей алады:

  • Санатсыз жоғары білікті маман;
  • 2-ші санатты жоғары маман;
  • 1-ші санатты жоғары білікті маман.

5В071100 – «Геодезия және картография»  мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:  жобалық,  ғылыми-зерттеушілік, технологиялық, білім беру, ұйымдастыру және басқару.

Зертханалық және тәжірибиелік  жұмыстар жүргізу үшін  кафедрада  теле-видео жабдықтар,  проекторлар,  минералдар мен тау жыныстары коллекциялары, пайдалы қазба коллекциялары, макеттер, геологиялық карталар, тахеометрлер, кадастрлі карталармен жабдықталған арнайы  орындар бар.

Кафедра Атырау облысы мен Қазақстанның басқа қалаларында орналасқан ірі мұнай компаниялары мен жобалау институттары  және  білім ошақтарымен көп жылдардан бері тығыз байланыста. Олардың ішінде:   ЖШС Казақтың мұнай геологиялық барлау ғылыми зерттеу институты, ЖШС Каспиймұнайгаз ғылыми зерттеу институты, Эмбамұнайгаз АҚ, Қазахойл ҰМК, Теңізшевройл, Аджип, ОКИОК,  Казақ ҰТУ,  Есенов атындағы Актау техникалық университеті,  Қазақтың бас саулет құрылыс академиясы, Қазақстан  ғимараттарының геодезиялық зерттеу институты, Атырау қалалық техникалық инвентаризациялау орталығы.

Жыл сайын геолог – студенттер Қ. Сатпаев атындағы КазҰТУ базасында ұйымдастырылатын Республикалық геология олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Студенттерге арналған  «Геолог» үйірмесі де жұмыс жасайды.

Мекен-жайы:Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 45 «а»,

№5 корпус, 3 қабат, 305, 307, 309 кабинеттері