«Мұнай газ ісі» кафедрасының меңгерушісі - техника ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Нұркен Мақсотұлы
«Мұнай газ ісі» кафедрасы Атырау мұнай және газ университетінің құрылған кезінен бастап жұмыс атқарып келеді. Мұнай саласына мамандар дайындайтын негізгі кафедрасы болып есептеледі.
«Мұнай газ ісі» кафедрасы университеттің №5 оқу корпусының екінші қатарында орналасқан. 5 дәрістік аудиториясы бар.
«Мұнай газ ісі» мамандығы
5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша келесідей мамандандыру бар:
- мұнай газ
кенорындарын игеру және пайдалану;
- мұнай және газ
ұңғыларын бұрғылау және жөндеу;
- теңізде және құрлықта мұнай газ құбыр желілері мен мұнай газ сақтау қоймаларын жобалау және пайдалану.
Кафедра түлектері мұнай және газ өнеркәсібінің әртүрлі салаларында, атап айтқанда біздің өлкеміздің әртүрлі өңіріндегі мұнай өндірумен айналысатын кәсіпорындарда, мұнай және газды жинау және дайындау кәсіпшілігінде, бұрғылау мекемелерінде жұмыс жасайды.
5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығының түлектері инженер – мұнайшы; инженер – бұрғылаушы; инженер – геолог; бұрғылау ерітіндісі бойынша маман-инженер; ұңғыларды сынау жұмысы бойынша маман-инженер; мұнай және газ өндіру операторы; ұңғыларды зерттеу бойынша операторы; қабат қысымын ұстау цехының операторы; мұнайды дайындау және айдау цехының операторы; бас құрылғылар лаборанты; ғылыми-зерттеу жұмыстары цехының операторы; ұңғыларды жерасты және күрделі жөндеу жұмыстары мастерінің көмекшісі; мұнай және газ өндіру бойынша супервайзер (мастер); қабат қысымын ұстау цехының супервайзері (мастер, бөлімше бастығы); мұнайды дайындау және айдау цехының супервайзері (қондырғы мастері) мамандары болып қызмет атқара алады.
Оқу зертханасы
«Мұнай газ ісі» кафедрасының лабораториясы №2 оқу корпусында орналасқан. Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы оқу процесінде әртүрлі техникалық құрал-жабдықтарды пайдаланады, атап айтқанда интерактивті тақта, интерактивті планшет, мультимедиялық проектор, диапроектор, экран. Зертханалық аудиторияда зертханалық стенділер: деңгей өлшеуіштерді бақылау стендісі, динамографтарды бақылау стендісі және манометрлерді сынау стенділерімен жабдықталған.
МИИДБ-2 бағдарламасы бойынша 5В070800 - «Мұнай газ ісі» мамандығын дамыту мақсатында «Виртуалды кенорны» оқу-тәжірибелік жабдығымен жабдықталған зертханасы ашылды.
«Виртуалды кенорны» бағдарламалы-аппаратты кешенінің жалпы құрылымы: Тренажерлар: Мұнай және газ өндіру ұңғылары; Өлшеу бөлімшелері; Суды алдын-ала лақтыру қондырғысы; Қабат қысымын ұстау жүйесі; Көмірсутектерін жинау және тасымалдау жүйесі (кәсіпшілікішілік және магистралды құбырлар); Көмірсутектерін өңдеу қондырғысы; Ұңғыларды күрделі жөндеу қондырғысы; Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік модулы.
Жоғарыда көрсетілген оқу зертханалары студенттерге аудиторияда мұнай және газ өндіру процестерін техникалық пайдалану және қызмет көрсету, басқару дағдыларын үйрету, сонымен қатар кенорындарында мұнай мен газды жинау және дайындау процестерін жүргізуге мүмкіндік береді. «Виртуалды кенорны» бағдарламалы-аппаратты кешені студенттердің өндірістік тәжірибесінде өзіндік жұмыстарын дайындауда жақсы оқу базасы болып табылады, ал әрі қарай өндірісте инженер-техник қызметкері болуына септігін тигізеді.
Ғылыми жұмыстар
Кафедра оқытушылары мен қызметкерлері ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми семинарларға және симпозиум-дарға белсенді қатынасады.
Жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми баспаларда ғылыми мақалалар мен жұмыстары басылады, сондай-ақ жаңалықтары бойынша авторлық куәлік алуға сұраныстар дайындалады. Кафедрада мұнай және газ өндіру саласы бойынша 10-нан астам өнертабыстар бар.
Кафедрада жыл сайын студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Кафедра ҚазҰТУ, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау каласы), Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (Москва қаласы, Ресей), Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа каласы, Башқұртстан), Азербайжан ғылыми-зерттеу ннституты (Баку қаласы), «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ, «Астрахань МТУ» (Астрахань қаласы), «Ембімұнайгаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «ҚазҰГБҒЗИ» ЖШС және т.б. тығыз байланыста келеді.
Тәжірибе
Тәжірибеден өтудің негізгі базалары: «Ембімұнай-газ» АҚ кәсіпорындары («Жайықмұнайгаз» МГӨБ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Жылыой-мұнайгаз» МГӨБ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ), «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «ҚазҰГБҒЗИ» ЖШС, «Каспиан Энерджи Ресерч» ЖШС және т.б.
Мекен-жайы:
Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 45 «а»,
№5 корпус, 2 қабат, 203, 211, 212 кабинеттері