Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында АтМГУ-нің Студенттер сарайында 20 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамымен және қызметкерлерімен кездесті. Кездесу мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәдениетін түсіндіру. Департамент өкілі ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға тоқталып, идеологиялық жағынан да, нормативтік-құқықтық жағынан да елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясатты жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады, – деп, сөзін қорытындылады.