Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде. Соған орай 13.12.17ж. Атырау мұнай және газ университетінің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры, ф-м.ғ.д., профессор Д.М.Диарова университеттің студенттік топ старосталарына арнайы « Студент бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»тақырыбында дәріс өткізді. Дәріске АтМГУ 1-4 курс старосталары қатысты.
Мақсаты: Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2014ж.26 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстыру.