Гилян университетіндегі ХХІІ Бас Ассамблея

2019 жылы 1 қазанда Гилян университетінде (Иран) Каспий маңы елдерінің мемлекеттік университеттер Ассоциациясының XXII Бас Ассамблеясы өтті. Аталған Ассоциацияның мүшесі ретінде АтМГУ өкілдері де осы жиынға қатысты. Ассамблея аясында «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Оңайбайұлы Көшеков 2019-2020 оқу жылында Ассоциацияның төрағалық  өкілеттігін Гилян университетіне салтанатты түрде табыстады. 2018-2019 оқу жылында Ассоциацияға «С.Өтебаев атындағы АтМГУ» төрағалық жүргізген кезеңінде ассоциация құрамына енген жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста бірнеше ауқымды шаралар жүзеге асып, өзара ынтымақтастық бойынша жемісті жұмыс жасалды. Айта кету керек,  жоспар бойынша белгіленген ұжымдық  «Каспий: болашаққа ұмтылу» тақырыбындағы монография жарыққа шықты.