1 қазан күні Атырау Мұнай және газ университетінің "Экономика, менеджмент және бухгалтерлік есеп" кафедрасында Халықаралық инвесторлар апталығы аясында (WIW2018) "АХҚО Бюросының үздіксіз кәсіби даму бағдарламалары бойынша ақпараттық-сессия" және "АХҚО-дағы исламдық қаржыландырудың мүмкіндіктері мен болашағы" тақырыбында экономикалық мамандықтар студенттеріне арналған "Астана" ХФО ұлттық компаниясы өкілдерінің дәрісі өтті.
Сонымен қатар студенттерге "BeАStar"арнайы жобасы ұсынылды. "BeaStar" жобасының мақсаты – Қазақстан жастарының инвестициялық және қаржылық сауаттылығын арттыру.
Дәрісті АХҚО биржасының қаржы директоры Ренат Бектұров, АХҚО үздіксіз кәсіби даму бюросының басшысы Нұрсұлтан Серікбай , АХҚО ҒӨО Бюросының супервайзері Руслан Мулдашев, АХҚО ҒӨО Бюросының координаторы Мөлдір Манатова жүргізді.