Атырау мұнай және газ университеті қашан да жұмыс беруші мекемелермен тығыз байланыста. Әртүрлі өндірістік кәсіпорындардың мамандары АтМГУ студенттері үшін үнемі дәрістер өткізіп тұрады.
2019 жылы 11 ақпан күні АтМГУ «Халықаралық білім беру бағдарламалары және академиялық ұтқырлық басқармасы» «Ынтымақ» қауымдастығын дамыту бағдарламасының көмегімен Атырау мұнай және газ университетінің техникалық мамандықтарының 4 курс студенттері үшін «Теңізшевройл» ЖШС мамандарды іріктеу жөніндегі маманы Раушан Салахеденованың арнайы дәрісін ұйымдастырды.
Дәріс барысында студенттер түйіндемені қалай құру керектігін, «applicationform» сұранысын толтыруды, шетелдік мекемелерге жұмысқа тұру мақсатында сұхбаттан өту жолдарымен танысты. Дәріс ағылшын тілінде өткізіліп, жұмыс барысында презентация көрсетілді. Сондай-ақ дәріс кезінде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.