Маңызды!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы 2017 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкімет отырысында мақұлданғанын хабарлайды.
Бұл жоба келесідей нормадағы өзгерістер мен толықтыруларды қарастырады:
1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, сондай-ақ мақсатты түрде даярлау шеңберінде оқуға үміткер азаматтардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлауды жүзеге асыратын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтын ЖОО-ларда жүзеге асырылады.
2. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 3 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
Магистратураға, резидентураға және докторантураға түсу емтихандары – 10 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 10-15 тамыз аралығында жүргізіледі.
3. Магистратураға түсуші адамдар – ЖОО-ға, резидентураға түсуші адамдар ЖОО мен ғылыми ұйымдарға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) шет тілі бойынша түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға кешенді тестілеуді тапсыратын қала белгіленетін ұйым басшысының атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттыңтүп нұсқа;
3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);
4) осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
8) жеке куәліктің көшірмесі;
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
4. Шет тілі бойынша магистратура, резидентура және докторантураға түсу емтиханын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жүргізеді.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Мамандық бойынша түсу емтихандарын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын ЖОО өз бетінше жүргізеді. Бұл ретте, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсуші тұлғалар мамандық бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖОО-да тапсырады.
Араб тілі бойынша емтиханды ауызша немесе жазбаша нысанда ЖОО басшысы белгілеген және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тәртіпке сәйкес ЖОО-ның емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.
5. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде – ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да немесе ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Ұқсас мамандықтар бойынша бір емтихан комиссиясын құруға рұқсат етіледі.
6. Мамандық бойынша немесе ұқсас мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары тиісті мамандықтар бойынша ғылым докторы немесе кандидаты, немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдар қызметкерлерінен қалыптастырылады.
Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖОО немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
7. Шет тілі бойынша түсу емтихандарын және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеуді өткізу кезінде тәртіп сақтауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері қамтамасыз етеді.
8. Шет тілі бойынша түсу емтихандары ҰТО әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
9. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе кешенді тестілеу нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.
10. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға және докторантураға түсуші адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
Түсу емтихандарының нәтижелері оларды өткізу күнінде жарияланады.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
11. Магистратураға, резидентураға, докторантураға тұлғаларды қабылдау мынадай балл жинаған, түсу емтихандарының немесе оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады:
осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға шетел тілі бойынша - кемінде 50 балл және мамандық бойынша - кемінде 50 балл, ал бейінді магистратура және резидентураға шетел тілі бойынша - кемінде 30 балл және мамандық бойынша – кемінде 50 балл;
осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін – кемінде 19 балл, оның ішінде оқыту тілі бойынша – кемінде 8 балл, екінші тіл* бойынша – кемінде 2 балл, ағылшын тілі (бір дұрыс жауап таңдалатын) бойынша – кемінде 3 балл, ағылшын тілі (бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын) бойынша – кемінде 2 балл, оқыту тілі (бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын) бойынша – кемінде 4 балл.
12. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шетел тілі және мамандық бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:
1) ғылыми-педагогикалық магистратураға және докторантураға – кемінде 150 балл;
2) бейінді магистратураға және резидентураға – кемінде 130 балл, оның ішінде ағылшын тілі бойынша кемінде – 30 балл.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ағылшын тілінде оқытатын бейінді магистратурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 25 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.
Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар адамдарға бағалаудың 100 балдық жүйесі бойынша ең жоғары балл қосылады.
13. Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер өтінішті ЖОО-ға 17 тамызға дейін береді. Өтініште оқуға түсуші мамандық пен білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеден ЖОО-ны өзі көрсетеді.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға білім алуға арналған конкурс мамандықтар бөлінісінде 22 тамызға дейін Республикалық конкурстық комиссия өткізеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу сертификатының балдары негізінде беріледі.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық ағылшын тілінде мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Кешенді тестілеудің қорытынды көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық оқу тілінен мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң оқу тілінде білім алуға дайындығын айқындауға арналған тест нәтижелері ескеріледі.
14. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар (дипломдар) ескеріледі.
Ағылшын тілінде мамандық бойынша кешенді тестілеу көрсеткіші бірдей болған жағдайда басым құқық дипломға қосымшада ең жоғары GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) бар (алдыңғы білім деңгейі), одан кейін жұмыс өтілі (немесе көп жұмыс өтілі) бар тұлғаларға беріледі.
Аталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының бекітілгендігі туралы ақпарат жақын арада жеткізілетін болады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
1-қосымша
Бағалаудың 100 балдық шәкілі жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шәкілі
Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша балдар |
Бағалаудың 5 балдық шәкілі бойынша балдар |
95-100 |
Өте жақсы (5) |
90-94 |
|
85-89 |
Жақсы (4) |
80-84 |
|
75-79 |
|
70-74 |
Қанағаттанарлық (3) |
65-69 |
|
60-64 |
|
55-59 |
|
50-54 |
|
30-49 |
Қанағаттанғысыз (2)* |
0-29 |
*бейінді магистратурада және резидентурада шет тілі бойынша «қанағаттанғысыз» бағасына 0-ден 29-ға дейінгі балл сәйкес келеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
2-қосымша
100-балдық бағалау жүйесінің шәкілі
Тест түрлері |
Тапсырма нысандары |
Тапсырмалар саны |
Тапсыру тілі |
Балдар |
Шекті балл |
Оқуға дайындығын айқындауға арналған тест |
Бір дұрыс жауап таңдалатын |
20 |
Оқыту тілі |
20 |
8 |
10 |
Екінші тіл* |
10 |
2 |
||
Мамандық бойынша тест |
Бір дұрыс жауап таңдалатын |
30 |
Ағылшын тілі |
30 |
3 |
Бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалатын |
10 |
Ағылшын тілі |
20 |
2 |
|
10 |
Оқыту тілі |
20 |
4 |
||
Барлығы |
- |
80 |
- |
100 |
19 |
*егер оқыту тілі қазақ тілі болса, екінші тілі орыс тілі болады, егер оқыту тілі қазақ тілі болса, онда екінші тілі тиісінше қазақ тілі болады.