2015 жылдың желтоқсан айында Атырау мұнай және газ университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы құрылып, облысымыздағы Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі құрылымдарымен, әсіресе этномәдени бірлестіктермен ынтымақтастықтың жаңа қызықты түрлерін үнемі іздестіруде. Рухани жаңғыру «Отаным-тағдырым» жобасы бойынша салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және «Жастар жылы» аясында университет студент жастардың уақытылы, дұрыс, салауатты тамақтануын қамтамасыз етуде тың тәжірибелерді енгізіп келеді.
2018 жылы ҚХА кафедрасы этномәдени бірлестіктердің басшыларына "стандартты емес" ұсыныс жасады, яғни жатақханада тұратын студент-жастарға ұлттық ас мәзірін дайындаудан шеберлік сағатын өткізу. Университеттегі денсаулықты сақтауға негізделмеген тәлім мен тәрбие және білім беру үрдісі тиімді болуы мүмкін емес. Сондықтан бұл жобаның өзектілігі өте маңызды деп ойлаймыз. Себебі өз үйінен жырақта басқа өңірге білім алуға келген студент жастардың тұрмыстық дағдылары әлі қалыптаспаған, әсіресе сапалы, ыстық, салауатты тамақ дайындауда көп қиындықтарға кезігеді.
Жобаның басқа да мақсаты бар: студенттерді Қазақстанды мекендеген түрлі этностардың ұлттық ас мәзірінің ерекшеліктерімен ақпараттандыру және түрлі ұлт өкілдерін дастархан басында бір-бірімен жақын таныстыру. Біз, әрине, татардың «чак-чак», грузин халқының «хачапури», корей салаттарының талай дәмін татып көрдік, бірақ олардың нағыз тіл үйірер классикалық рецептісін сол ұлттың өкілі ғана дайындай алатынын мойындауымыз керек. Студенттерге ас мәзірінің ерекшелігін түсіндіру, оның қалай дайындалатынын көрсету, өз қолдарымен жасауға тырысу, қызығушылықтарын арттыру, бұл көп ғасырлық тарихы бар халық дәстүрлеріне негізделген дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруда құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
18 ақпан күні «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері АтМГУ ҚХА кафедрасының ұсынысымен университеттің студенттік жатақханасында осындай шеберлік сағатын өткізді. Дастархан басындағы кездесу адамды бір-бірімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Біз бір-бірімізді осылай танимыз.