16 наурызда Атырау мұнай және газ университеті №17 мектеп-лицейде ҚХА кафедрасы филиалының ресми ашылу шарасын өткізді. Шара әз-Наурыз мейрамы қарсаңында «Қоғамдық келісім» КММ мен қалалық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің студенттер мен мектеп оқушыларымен кездесу үлгісінде өтті. Кездесуге Атырау облысы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Г.М. Шәкірова, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы А.А. Короблёв, «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелері Р.Х. Шафиева мен Р.Н. Колчикова, Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Л.К. Жылқышиева, АтМГУ стратегиялық даму және көшбасшылық жөніндегі проректор Е.Т. Нұрпейісовтер қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқын құрайтын этностар мәдениетіне негізделген «Қазақстан: бірлікке және келісімге бастар жол» тақырыбында интеллектуалды викторина жүргізілді. Викторинаны АтМГУ Көшбасшылар орталығының жетекшісі А.Х. Имандосов жүргізді.
«Алаң қожайындары» №17 мектеп-лицей кездесу орнын әсем безендіріп, ұлттық дәстүрмен қонақтарды шашу шашып қарсы алды. Оқушылар мәнерлеп оқу шеберліктерін, вокалдық (Асқарова Әсем, Асқарова Әйнел) және би өнерлерін көрсетті. Мектеп-лицейдің директоры Алмаш Зухра Тоғайбайқызы мектептің Атырау облыстық ҚХА-мен бірлескен жұмыстары, болашақтағы ынтымақтастық жаспарлары туралы ойымен бөлісті.
Шараны АтМГУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Л.К. Садыкова қорытындылап, мектеп ұжымын, оқушыларды, ата-аналарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтап, қатысушыларға алғысын білдірді