2016 жылдың қаңтар айында Атырау мұнай және газ университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы құрылды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Атырау мұнай және газ университетінің құрылымдық бөлімшесі ретіндегі қоғамдық бірлестік болып табылады. Кафедра негізінде ғылыми-сараптамалық кеңестер, рухани бірлестік, мәдениетаралық байланыстарды зерттеу, ұлтаралық келісімді нығайту шараларын өткізетін орталық.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының мақсаты:
- Мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтарын жүзеге асыру;
- Ұлтаралық келісім мен отаншылдық, төзімділік рухында студенттерді тәрбиелеу мәселелерінде жоғары оқу орны мен Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара тәжірибені жетілдіру;
- студенттік жастардың бойында адамдар мен адамдар топтарымен, олардың ұлттық, әлеуметтік, діни құндылықтары, көзқарастары, дүниетанымы, көзқарасы, ойлау стиліне қарамастан, студенттердің сындарлы өзара іс-қимыл жасау қажеттіліктері мен дайындығын қалыптастыру;
- мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту;
- студенттер мен оқытушылардың бойында әлем мәдениеті мен ұлтаралық келісімді тәрбиелеу.