«С.Өтебаев атындағы АтМГУ» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры бос лауазымдық орнына конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Сафи  Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Сафи  Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы-ректоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: 060027, Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 45 «А». 

Қоғам қызметінің негізгі пәндері жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету, жаңа білімді генерациялау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, қазіргі заманғы оқу, ғылыми инфрақұрылым құру және ғылыми әзірлемелерді енгізу болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, кемінде 5 жыл басшылық қызметтегі еңбек өтілінің болуы.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

            Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса);
  3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  6. денсаулығы туралы анықтама (№ 086-нысан бойынша).
  7. жеке куәлігінің көшірмесі;
  8. сотталғандығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
  9. университеттің Даму бағдарламасы;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау  хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Сафи  Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысына осы хабарландыруда көрсетілген мекен-жай бойынша (060027, Атырау қ., Баймұханов көш., 45 «А», № 405- кабинет, №10 ғимарат) тапсыру қажет, телефон: 8 (7122) 36-07-26, 8 701 983 04 70, 8 778 778 97 17.

https://atrmgu.kz/uploaded/files/Egemen%20%D2%9Aaza%D2%9Bstan%20rektorly%D2%9B%D2%9Ba%20konkurs%20turaly%20xabarlandyru%20001.jpg.pdf