2019 жылы 11-12 ақпан күндері Халықаралық «BOLASHAK» академиясының ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінде «2019 жылғы Қазақстан Республикасыныңң еңбек заңнамасы. Еңбек кодексін қолдану тәжірибесі және жаңа кадрлық әлеуетті дамыту. Келісімшарт комиссиясының еңбек жағдайларын қарастыру тәртібі» тақырыбы бойынша 2 күндік семинар өтті.
Аталған семинардың мақсаты – қызметкерлермен және тексеруші органдармен даулы жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларын пайдалану, ҚР Еңбек Кодексін және ҚР «Жұмыспен қамту туралы» Заңын қолдану тәжірибесіне сәйкес ұйымның кадрлық құжаттама жүйесін құру дағдыларын меңгеру, сонымен бірге Еңбек қатынастарын реттеудегі даулы мәселелерді өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру.
Бизнес-тренер Пархат Исламовтың жүргізуімен өткен семинар кезінде ҚР Еңбек заңнамасы, Еңбек кодексы, сондай-ақ Еңбек жағдайлары туралы ақпараттар берілді.
Екі күнге созылған семинар соңында қатысушыларға сертификат пен «Еңбек кодексы – 2019» кітабы табысталды.