21 мамырда АтМГУ-де Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Құрылыс, стандарттау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Туған жер» атты кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағаттың жүргізушілері Құрылыс-16 (қ/б) тобының студенттері Ғизатолла Тілекқабыл мен Билан Нұргүл Гурьев қаласының тарихы, қаланың елтаңбасы, «Сакралды география» жобасы бойынша республикалық тізімге енген облыстың 6 нысаны, даңқты жерлестеріміз туралы ақпараттарды қызықты түрде ұсынды.
Құрылыс-16 (о/б) тобының студенті Аронова Сағынай XIX ғасырдағы орыс ғалымы, саяхатшысы, Каспий теңізінің шығыс бөлігін зерттеуші Г.С. Карелиннің еңбек жолына тоқталды. Карелин өмірінің соңғы 20 жылында (1849-1872) Гурьевте тұрып, жаратылыстану, география саласында, сондай-ақ тарихи материалдар жинаумен шұғылданды.
Атырау қаласы туралы сауалнамалар студенттердің қызығушылығын туғызып, сұрақтарға нақты жауаптар алынды. Атырау қаласының гимні «Атырау – арман» бейнебаян арқылы көрсетілді. АжБ-16 (қ/б) тобының студенті Тоқтыбай Алтынбек «Сарыарқа», «Көңілашар» күйлерін нақышына келтіре орындады.
Кафедра меңгерушісі М.Д. Бисенғалиев пен АтМГУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Л.С. Садыкова кураторлық сағатта көтерілген тақырыптың өзектілігіне алғыс білдіріп, «Туған жерге туыңды тік» дегендей, студенттерді өз қаласының, облысының, елінің патриоты болуға шақырды.