2019 жылы 30 қазан күні Астрахань мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті базасында «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, салуды және қайта жаңартуды жетілдіру кезінде пайдалану сенімділігін арттыру» атты құрылыс секциясы жұмысы аясында «Құрылыс кешенінің даму перспективалары: білім, ғылым, бизнес» тақырыбында ХІІІ Халықаралық конференциясы өтті. Аталған шара кезінде университетіміздің «Құрылыс, стандарттау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушысы Мұхамбетжанова Қалжан Кеңесқызы «Қазақстан Республикасында Еурокод жүйесін енгізу» тақырыбында баяндама жасады.
Еурокодтар – азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға арналған еуропалық техникалық стандарттар. Еурокодтарды соңғы 30 жыл ішінде Еуропалық стандарттау ұйымы (EuropeanCommitteeforStandardisation) әзірледі.
Еурокодтар бойынша жобалау әдістемесі жобалаушы-инженер ғимараттың немесе көпір құрылысының қандай да бір құрылыс конструкциясын негіздейді және дұрыс есептеуге мүмкіндік береді, оның механикалық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, бұл отандық құрылыс өнімдерін өндірушілерге еуропалық нарыққа шығуға, еуропалық стандарттарға жауап беретін өнімді дайындауға, ЕО елдерінде құрылыс және инжинирингтік қызметтер көрсетуге, құрылыс материалдары мен бұйымдарын Еуропалық сертификаттауға арналған шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Аталған секция Астрахан мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің доценті, т.ғ.к., «Жылжымайтын мүлікті сараптау, пайдалану және басқару» кафедрасының меңгерушісі Н.В. Купчикованың модераторлығымен өтті.
Модератор Қ.К.Мұхамбетжанованың баяндамасының қорытындысы бойынша баяндама тақырыбының өзектілігі мен мазмұндылығын атап өтті.
Конференция аясында ашық дәрістер, дөңгелек үстелдер, мастер-кластар, Астрахан мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің ғылыми-қолданбалы жобаларының көрмесі, «Кулибин» балалар ғылыми мектебінің күзгі сессиясы ұйымдастырылды.
Халықаралық конференцияда алты түрлі секция мен ғылыми бағыттар жұмыс істеді:
1 секция: «Биосферамен үйлесімді сәулетті қала құрылысы ортасын қалыптастыру және дамыту»
2 секция: «Энергия ресурстарын сақтау технологиялары, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, техносфералық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»
3 секция: «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды, салуды және қайта жаңартуды жетілдіру кезінде пайдалану сенімділігін арттыру»
4 секция: «Өмір сүру ортасын қалыптастырудың әлеуметтік-гуманитарлық аспектілері»
5 секция: «Экономикалық тұрақтылық және қауіпсіздік»
6 секция: «Құрылыстағы смарт-жүйелердің ақпараттық технологиялары және инжиниринг»
Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағы басылып шығарылады, ол кейіннен Elibrary.ru ғылыми электронды кітапханада жарияланады және Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РИНЦ) ғылыми-метрикалық базасында тіркеледі.