Магистратура

Магистратура мамандықтары туралы мәлімет

Атырау мұнай және газ университеті магистратура мамандықтарының классификаторына сәйкес 2017 жылдың  24 маусымынан бастап  4 мамандық бойынша магистрларды дайындауды келесі бағыттарда жүзеге асырады: 6M070800 – «Мұнай-газ ісі», 6M071800 – «Электр энергетикасы», 6M070600 – «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау», 6M072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6M070600  – «Экономика»

Магистратураның мамандықтары бойынша білім алған түлектерге берілген модульдік білім беру бағдарламасында ғылыми-педагогикалық бағытта «техника ғылымдарының магистрі», бейіндік бағыт бойынша «техника және технология магистрі» дәрежесі беріледі.

6M070800 – Мұнай-газ ісі

6M070800 – Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама еліміздің мұнай-газ секторы, ғылым және білім беру саласы үшін жоғары білімді мамандарды оқытуға бағытталған.    

Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алған магистратураның түлектері келесі кәсіби қызмет орындай алады:

  • бейіндік бағыт:  ұңғымаларды бұрғылау шебері; ұңғымаларды зерттеу мамандықтары туралы инженері; мұнай және газды өндіру шебері (эдвайзер); резервуардағы қысым ұстау бөлімінің шебері; ұңғыларды жөндеу цехының шебері; Мұнай дайындау және айдау цехының шебері; мұнай кенорындарында қоршаған ортаны қорғау инженері;   өнеркәсіптік мұнай-газ кәсіпорындарын мемлекеттік басқару орындарының басшысы. 
  • ғылыми-педагогикалық бағыт: ғылыми қызметкер, ғылым және білім орындарында оқытушы және ассистент, мұнай-газ саласындағы объектілерді жобалау маманы.

6M071800 – Электр энергетикасы

         «6M071800 – Электр энергетикасы» мамандығының магистрі бейіндік бағыт бойынша дайындалғанда келесі қызметтерді атқара алады:  

  • ірі және орта өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда инженер, мемлекеттік басқару орындарында, конструкторлық ұйым және жобалау ұйымдарының  инженер-жобалаушылары;
  • ірі және орта өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындарда, конструкторлық ұйым және жобалау ұйымдарында  басшы.  

Ғылыми-педагогикалық дайындық кезінде кіші ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттемелік орындар мен конструкторлық ұйымдардың инженерлері, инженер-жобалаушылары, ЖОО-ы мен колледждердің оқытушылары болып қызмет ете алады.

Берілген білім беру бағдарламасы бойынша түлек келесі салаларда өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете алады, атап айтқанда: электр желілерін пайдалану жөніндегі; электр станциялары мен қосалқы станцияларында маман; электр желілерін жобалау бойынша және электр станциялары мен қосалқы станцияларында жоғары білікті маман; кәбіл желістерін, энергия трансформаторларын, жоғары вольтты коммутациялық құрылғыларды жобалау бойынша жоғары білікті маман.

6M070600 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау

6M070600 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау мамандығы бойынша магистр геологиялық барлау мен өндірудің барлық кезеңдерінде жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындарда, жер қойнауын пайдалану үрдісінің сараптамасы мен басқару орындарында, аймақтық геологиялық зерттеулер бойынша әртүрлі тақырыптық зерттемелерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарда  маман ретінде қызмет ете алады. Университетімізде болашақ магистрлер жоғары білікті ұжыммен және белгілі геологиялық ғалымдар мен оқытушылардың қоғамдастығымен  дайындалады.  

6M072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы өнеркәсіптің мұнай-газ өңдеу салалары үшін мамандар дайындауға бағытталған.

Магистратураның 6М072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша білім алған түлегіне берілген модульдік білім беру бағдарламасында ғылыми-педагогикалық бағытта «техника ғылымдарының магистрі», бейіндік бағыт бойынша «техника және технология магистрі» дәрежесі беріледі.

6М072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша дайындалған магистрлер мұнай және газды өңдеу облысында эксперимент пен зерттеулер жүргізеді, қатты отынды өндіру, мұнай және газды өңдеу, мұнайхимиясы және органикалық синтез бойынша технологиялық үрдістерді жоспарлайды және ұйымдастырады, осы үрдістерді жүргізу үшін ең дұрыс жағдайды таңдайды, оларды моделдейді және математикалық түрде сипаттайды, отынды алудың, мұнай және газды өңдеудің,  жаңа және қайта қалыпқа келтірілген кәсіпорындардың сызықтық мұнайхимиясы синтезінің технологиялық үрдістерін жобалайды, техникалық қызмет көрсетуді және құрылғылар мен механизмдерді нәтижелі қолданылуын қамтамасыз етеді, ыстық және графит пештерін реттейді және іске қосылуын жүзеге асырады.

Берілген мамандық бойынша білім алған көптеген түлектер екідеңгейлі білім алғаннан кейін химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарында жетекші инженерлік қызметтер бойынша жұмыс жасай алады, атап айтқанда, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, сондай-ақ, химия саласы бойынша шетелдік компаниялар, бұл еңбек нарығында мамандық бойынша түлектердің бәсекеге қабілеттілігін және маңыздылығын дәлелдейді. 

6М070600-Экономика

       Атырау Мұнай және газ университетінде 6М050600 "Экономика" мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама экономика және бизнес саласында жоғары дәрежелі мамандарды оқытуға бағытталған.

            6М050600 "Экономика" мамандығы бойынша магистратураның түлектері:

* Профильді дайындық кезінде: бас экономист; бас экономист-аналитика; халықаралық қатынастар бойынша бас экономист; басқарудың мемлекеттік құрылымдарындағы әр түрлі бөлімшелердің басшылары; әртүрлі меншік нысанындағы және салалық қатыстылық кәсіпорын басшылары.

• ғылыми-педагогикалық дайындық кезінде: бас экономист; бас экономист-аналитика; халықаралық қатынастар бойынша бас экономист; басқарудың мемлекеттік құрылымдарындағы әр түрлі бөлімшелердің басшылары; әртүрлі меншік нысанындағы және салалық қатыстылық кәсіпорындардың басшылары; ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми қызметкерлер; ЖОО оқытушылары.

6М050600 "Экономика" мамандығы бойынша білім беру магистрлік бағдарламасының мазмұны басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістерін қолдануда; Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүргізу мәселелерінде; елдің экономикалық дамуы мәселелерінде; экономикалық пәндерді оқыту әдістемесінің мәселелерінде құзыреттілікті алуға мүмкіндік береді.