2018 жылдың 26 сәуір күні Атырау мұнай және газ университетінің спорт кешенінде таэквондодан шеберлік сағат өтті. Шеберлік сағатқа университетіміздің студенттері, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушылару қатысты.
Шеберлік сағатты Әлем және Еуропа чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Домбаев Нұрлан, ҚР спорт шебері және ҚР спартакиадасының чемпионы Қазиев Жанболат өткізді. Олар қатысушыларды таэквондоның техникасымен таныстырды.