2019 жылы 2 ақпан күні Атырау мұнай және газ университетінде Атырау қаласының оқушылары арасында математикадан жыл сайынғы дәстүрлі пәндік олимпиаданың І кезеңі өтті. АтМГУ қабырғасына математикалық олимпиадада өз күштерін сынауға шақырған 36 мектептің 11 сынып оқушылары жиналды. Математикалық олимпиадаға өз білімдерін сынауға Атырау қалалық 36 мектептен 175 оқу бітіруші түлек қатысты. І турда 18 баллдан жоғары жинаған қатынасушылар ІІ турға өтті. ІІ тур 2 наурыз күні өтеді.
ІІ турға өткен математика пәнінен олимпиадаға қатысушы түлектерді құттықтаймыз! Алар белестеріңіз көп болсын! Сәттілік!