9 мамыр - миллиондаған адамның тағдырын талқандаған сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталған күні. Кеңестен тарап шыққан тәуелсіз мемлекеттерге ортақ мейрам болып қалғаныда біраз жыл болды, бірақ әліде салқыны мен ызғары басылмай тұрғаныда ақиқат. Біріміз бейбіт күнде, тәуелсіз елде тұрғанымызға қуанамыз, біріміз сол күнді жақындатқан жандардың жыл санап азайып бара жатқанына қайғырамыз.
Бүгінгі ұрпақ Ұлы Жеңісті қанымен алып берген боздақтар рухына тағзым етуді өздерінің азаматтық парызы деп біледі.
Атырау мұнай жəне газ университетінің ұжымы да осы қасиетті 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай мəңгілік алауға гүл шоқтарын қою рəсіміне қатысты.