Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 2011 жылдан бастап, сәуір айының бірінші жексенбісі геологтардың кәсіби мерекесі болып белгіленді. Атырау қаласында геологтар күнін атап өту 28 наурызда Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының президенті, қазақтан шыққан тұңғыш академик, геолог-ғалым Қ.И. Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Шараға Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығының төрағасы, геология-минерология ғылымдарының докторы Балтабек Қуандықов пен АтМГУ басшылары, еңбек ардагерлері, КЗИ-ның директоры Қ.М. Тасқынбаев, «Геология және геофизика» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Пайдалы кен орындарының қорын анықтайтын геологтар күніне арналған шара ҚР геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен АтМГУ бірлесіп ұйымдастыруымен өткен жиынға ұласты. Жиынға Атырау облысының әкімі Н.А.Ноғаев, Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамы мен жергілікті БАҚ өкілдері, ардагер геологтар мен өңірдегі сала мамандары, АтМГУ ПОҚ мен студенттері қатысты.
Меркелік жиынды Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығының төрағасы Б.М. Қуандықов сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтау сөзімен ашты. «Осы залда отырғанның барлығы өткен ғасырдың ортасынан бері адамзатқа қызмет етіп келе жатқан барлаушы мамандар мен олардың ізбасарлары. Атырау мен Маңғыстаудан мұнай іздеген мамандар. Ғасырға жуық уақытта жүздеген кен орындарын ашқан геологтар соңғы 5 жылдан бері өз алдына қоғам құрып,төл мерекелерін тойлап келеді. Биыл да мұнайлы өлкеде бас қосып отырмыз. Ары қарай Ақтау, Алматы, Астана қалаларында жалғасын табады, - деп, Атырау облысының әкімі Н.А. Ноғаевқа сөз берді.
Жиын барысында геологтарды бүгінгі кәсіби төл мерекесімен құттықтаған облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы геологтардың мұнай-газ саласындағы маңызды рөлін атап өтті. «Бүгінгі жиынның мағынасы – жастардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, ардагер мұнайшылардың бар білгендерімен бөлісу. Білгеніңнен не пайда, білгеніңді жеткізбесең, – дегендей, ұрпақ жалғастығын арттыруымыз керек,-деді. Облыс әкімі АтМГУ стратегиясының өзгеруі, алыс-жақын шетел жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік байланыс орнатуы білім беру жүйесіндегі жаңа көзқарас деп атап өтті және мерекелік шара жұмысына сәттілік тіледі. ҚМГҚ-ның вице-президенті Қ.М. Тасқынбаев ҚМГҚ-ның 2017 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша көлемді баяндама жасады және Баяндамалар жинағының алғашқы басылымын облыс әкімі Н.Ноғаевқа табыс етті. Өз кезегінде «Ембімұнайгаз» АҚ геология және
барлау жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Қ.Ә. Әділбеков, МД «Запказнедро» Атырау аймақтық инспекция басшысының м.а. Е.М. Қайыров, «Тимал Консалтинг групп» ЖШС-нің бас директоры М.Н. Бабашева сөз алып, геолог мамандарды мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шарада қарт геологтар да сөз алды. Өз ісінің шеберлерін облыс әкімі төс белгімен марапаттады. ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің атынан ардагер геолог, зейнеткер Жұмағалиева Күләш Өтеуқызы «ҚР Құрметті жер қонауын барлаушы» төсбелгісімен, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ геология және барлау жөніндегі басшының орынбасары Әбшеев Рүстем Мұхамедұлы «ҚР жер қойнауын үздік барлаушы» атағымен марапатталды. ҚР энергетика министрлігінің мақтау қағазымен «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС бас геологы А.С. Күнтаев, «КазНИГРИ» ЖШС ұңғыманы геофизикалық зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ә.Г. Мербаевалар марапатталды. Құнды сыйлықтармен «Timal Consulting Group» ЖШС бас директоры - М.Н. Бабашева, АтМГУ «Геология және геофизика» кафедрасының меігерушісі - С.Н. Нұрсұлтанова, АтМГУ «Геология және геофизика» кафедрасының доценті – Н.Т. Қалимова, ЭМГ сейсмикалық зерттеу департаментінің геологиялық барлау жұмыстары бөлімінің басшысы – С.С. Жұмағалиева, ардагер геолог, зейнеткер – С. Қ. Тарбаев, ардагер геолог, зейнеткер – С.Қ. Дүзбаев, КазНИГРИ тақырыптық зерттеу бөлімнің меңгерушісі К. Қ. Жұмалиева, «Норс Каспиан Ойл Девеломпмент» компаниясының геология бөлімінің басшысы Б.Қ. Шудабаевалар мараптатталды.
Жиын соңы АтМГУ студенттік көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған мерекелік ән-шашуға ұласты.