Атырау мұнай және газ университетінің Хабаршысы

ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ

 

Атауы: «Атырау мұнай және газ университетінің Хабаршысы» ғылыми журнал.

ISSN 1683-1675, мерзімділігі: жылына 4 рет шығады.

2001 жылдан бастап жарияланады.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелген Қазақстан. Куәлік 08.11.2017 ж. № 16734-ж

Импакт - фактор: болған жоқ

Жазылу индексі – 75185

 

Журналдың алға қойған мақсаты мен саясаты:

«Атырау мұнай және газ университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы қазақстандық және шетелдік ғылыми қоғамдастығында танымал ғылыми-техникалық журнал болуға ұмтылады.

«Атырау мұнай және газ университетінің Хабаршысы» ғылыми журналының мақсаты:

· қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, мамандардың, докторанттар мен магистранттардың өзекті ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялау;

· импакт-фактор және халықаралық дәйексөз алу базасының қолдауын алу;

· Қазақстанның мұнай-газ саласын және университеттің ғылыми жетістіктерін насихаттау және жарнамалау.

 

ЖАРИЯЛАУ ШАРТТАРЫ

 

Тақырыптық бағыт:

Журналда жариялануға жататын ғылыми-тәжірибелік сипаттағы мақалалар мемлекеттік тілде – қазақ, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерінде мұнай-газ кешеніне байланысты бағыттар бойынша қабылданады:

· мұнай-газ техникасы мен технологиялары;

· жаратылыстану ғылымдары;

· әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар;

· ақпараттық технологиялар, экономика және менеджмент.

Мақаланы кім жариялай алады?

«Атырау мұнай және газ университеті Хабаршысы» журналы авторы жалғыз студент болып табылатын мақаланы жарияламайды. Студенттің еңбегі ғылым докторының немесе ғылым кандидатының жетешілігімен жарияланады.

Тарату үлгісі

«Атырау мұнай және газ университеті Хабаршысы» журналы баспа нұсқасын бір мезгілде шығаратын желілік басылым болып табылады. Мақалалар редакцияға түсуіне қарай және коллегия алқасының оң шешімін алғаннан кейін ағымдағы шығарылымға орналастырылады.

 

Жариялау этикасы

Журнал алқасы өзінің жұмысында «Ғылыми жарияланымдардың этикалық қағидалары» Ғылыми басылымдар мен редакторлар Ассоциациясының Деклорациясында тіркелген, Ғылыми жарияланымдар этикасы мен нормалары жөніндегі комитетпен (COPE) жасалған нормаларды басшылыққа алады.

Рецензиялау

«Атырау мұнай және газ университеті Хабаршысы» журналында жарияланатын мақалалар міндетті рецензиялаудан өтеді.

Плагиатқа қарсы

Барлық мақалалар журналға жарияланар алдында мәтіннің басқа дереккөзден алынғандығын тексеруден өткізіледі.

Бірегей мәтіннің 80% бар мақала журналда жарияланбайды.

Қайталанған жарияланымдар

«Атырау мұнай және газ университеті Хабаршысы» журналында жариялануға жататын мақалалар бұрын жарияланбаған және редакцияға келген кезде басқа журналдарда қаралмаған болуы тиіс.

Мақалаларды алып тастау (ретракция)

Автор жарияланымның әдеп нормаларын бұзып, мәтін дереккөзінен қате табылған кезде, қайталанған жарияланымдарды, орынсыз пайдалану, сондай-ақ басқа да кемшіліктер анықталған жағдайда журнал редакциясы мақаланы басылымнан алып тастайды.

Наукометриялық және библиографиялық базасын индекстеу

Журнал Ресей ғылыми дәйексөз индексінде индекстеледі (РҒДИ).

Журналда жарияланған материалдар Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапханаға rmebrk.kz/magazines және ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына тіркеуге және сақтауға жіберіледі.

 

 

АВТОРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ:

 

Редакция алқасы авторларды журналда жариялайтын мақаланы дайындау кезінде келесі ережелерді басшылыққа алуды сұрайды.

Журналда мақала жариялаудың шарттары:

Жариялау үшін іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін қамтитын мұнай-газ саласының бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған проблемалық, шолу және дискуссиялық мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Мақалаларды рәсімдеу үшін келесі талаптар қойылады:

Мақаланың көлемі әдебиеттер тізімін, аннотациялар, кестелер мен сурет асты жазбаларымен суреттерді қосқанда 10 беттен аспауы тиіс. Мақаланың минималды көлемі – 3 бет. Редакцияға мақаланың электронды нұсқасын ұсыну қажет. Мақала файлы латын әріптерімен бірінші автордың атымен аталуы керек (мысалы, Ivanov.doc(rtf); Мақала парақтары нөмірленуі керек. УДК бойынша код көрсетіледі.

Аннотация мәтіннің басында беріледі және оның тақырыбы мен құрылым туралы қысқаша түсінік береді. Рецензиялар жариялау, конференция және ұқсас ақпараттық материалдар туралы есептерді жариялау кезінде аннотация талап етілмейді.

Түйін сөздер мақала мазмұнын барынша толық ашуды қамтамасыз етеді. Әрбір нақты материалға маңыздылығына қарай ретпен 5-6 түйін сөз (keywords) беріледі, яғни мақаланың ең маңызды түйін сөзі тізімде бірінші тұрады.

Мақаланың атауы, авторы, авторлар туралы ақпарат, аннотация және түйін сөз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Мәтін Word нұсқасындағы бағдарламада теріледі, [email protected] электронды поштасына жіберіледі.

Мәтін қарпі — Times New Roman, қағаз үлгісі А4 (210*297 мм), кегль өлшемі — 12 пт. Жолдың қатары — 1,15. Ені бойынша түзету. Абзац үшін шегініс — 1,0 см. Жоғарғы жиек – 2, төменгі – 2, сол жақ – 2, оң жақ – 2. Гарнитура қалыпты. Кестелер, суреттер, формулалардағы таңбалар мен белгілерді белгілеуде басқаша оқылмауы тиіс. Мәтіндегі кестелер мен суреттерде сілтеме болмауы керек.

Формулалар тиісті редакторда терілуі керек (математикалық және химиялық формулалар үшін). Кестенің тақырыбы жазылады, онда бос баған болмауы тиіс. Шартты қысқартулар мен таңбалар ескертуде түсіндіріледі. Иллюстративті материалдарға қойылатын талаптар: суреттер, фотосуреттер– tiff немесе jepg (ақ-қара және түрлі-түсті суреттер үшін 300 dpі); графикалар, диаграммалар. Иллюстрациялар мәтін бойынша орналасуы тиіс.

Әдебиеттер тізімі «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» МЖМБС 7.1–2003 стандарттарына сәйкес рәсімделеді және

10 атаудан артық болмауы керек. Мақала мәтінінде дереккөздерге жасалған сілтеме (дәйексөзсіз [12], автордың мәтінін қайта айтқанда немесе дәйексөз алғанда [12, с. 29]) тік жақшаның ішінде көрсетіледі. Мақаладағы сілтеменің нөмірленуі ресми әдебиеттер тізіміндегі дереккөздің реттік санына сәйкес жасалады. Мақалада электронды ресурстан немесе қашықтықтан кіруден (интернет) дереккөздер пайдаланған кезде, әдебиеттер тізімінде интернеттегі толық желілік адресі бар желі ресурстарына сілтеме және библиографиялық жазба келтіріледі.

Мысалы (библиграфиялық мәліметтер шартты):

Кітаптар: Авторлардың аты-жөнінің бірінші әріптері және фамилиясы. Кітаптың атауы. — Басылымның қайталанғандығы туралы мәлімет. — Жарияланған орны: Баспа, Шыққан жылы. — Бет саны. Мысалы: Ильин В.А., Позняк Э.Г. Линейная алгебра. — 3-е изд. — М.: Наука, 1984. — 294 с. Журналдардағы мақалалар: Авторлардың аты-жөнінің бірінші әріптері және фамилиясы. Мақала атауы // Басылым атауы (Серия). — Шыққан жылы. — Том. — Нөмір. — Бет. Мысалы: Панчук Д.А., Садакбаева Ж.К., Пуклина Е.А. и др. О структуре межфазного слоя на границе металлическое покрытие–полимерная подложка // Российские нанотехнологии. — 2009. — Т. 4. — № 5-6. — С. 114–120.

Конференция, еңбектердің жинақтары және т.б: Авторлардың аты-жөнінің бірінші әріптері және фамилиясы. Мақала атауы // Басылым атауы: Название статьи // Заглавие издания: Басылым түрі. — Шыққан жылы, баспа. — Том. — Нөмір. — Бет.

Мысалы: Приходько Н.Г., Лесбаев Б.Т., Ченчик Д.И., Нәжіпқызы М., Мансұров З.А. Төмен қысымды жалында көмірсутекті наноқұрылымдарды сиетездеу // VI Халықаралық симпозиум: Физика және көмірсутекті материалдардың химиясы / Наноинженерия. – Алматы, 2010. - Б. 135-138.

Әдебиеттер тізімі мақала жазылған тілде беріледі.

Қолжазбаға мақала тақырыбына жақын немесе сәйкес салада зерттеу жүргізген мамандармен жазылған 2 рецензия қоса беріледі.

Редакция мақаланың мағынасын бұрмаламайтын мәтінге редакторлық өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

 

Мақаланы рәсімдеудің кестелік үлгісі:

УДК.

Ортасында көрсетіледі:

Авторлардың аты-жөнінің бірінші әріптері мен фамилиясы (мысалы: И.В. Романюк, С.П. Петров)

Автор ұсынған мекеменің толық атауы (мемлекет және қала көрсетіледі). Егер авторлар әр түрлі мекемелерден болатын болса, автор мен мекеме арасындағы сәйкестік жол үсті индекстермен белгіленеді. Мысалы:

УДК

И.В. Романюк 1, С.П. Петров 2

1Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

2Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

 

Автордың электронды адресі.

 

МАҚАЛА АТАУЫ (ЖАРТЫЛАЙ МАЙЛЫ ЖАЗУ)

Аннотация.

Түйін сөз.

Мақала мәтіні.

Әдебиет.

 

Мақала соңында қалған екі тілде аннотация мен түйін сөз беріледі.

 

 

 

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

 

Бас редактор:

Абишев Али Ажимұлы – АтМГУ Басқарма төрағасы – ректор, экономика ғылымдарының докторы.

Бас редактордың орынбасары:

Воробьев Александр Егорович – АтМГУ ғылым және инновация жөніндегі проректор, техника ғылымдарының докторы, профессор

Айтқұлов А.У. - техника ғылымдарының докторы, профессор (Ақтау,КМТИУ)

Ақжігітов А.Ш. – химия ғылымдарының кандидаты, профессор (АтМГУ)

Ахметов Н.М. - техника ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Бодо Лохман – ғылым докторы, профессор (Германия)

Ғилажов Е.Г. - техника ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Диаров М.Д. – ҚР ҰҒА академигі, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Жирнов Б.С. - техника ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Уфа, УММУ)

Ершов М.С. - техника ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Мәскеу,РММГУ)

Карл Вий – ғылым докторы, профессор (АҚШ)

Қарамұрзиев Т.Қ. – экономика ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Кенжеғалиев А.К. - техника ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Күлекеев Ж.А. – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор (Астана, КИНГ)

Мазур Константин - профессор (Польша, Лешно, КОЖМ)

Мардонов Б.М. – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор (Өзбекстан, Ташкент,ТЖӨТИ)

Мұрзағалиев Д.М. - геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Оразбаев Б.Б. – ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Пименов Ю.Т. – химия ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Астрахань, АстраханьМТУ)

Руденко М.Ф. - техника ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Астрахань, АстраханьМТУ)

Сағынаев А.Т. – химия ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Серіков Т.П. – ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Өтелбаев К.Т. – философия ғылымдарының докторы, профессор (АтМГУ)

Хубиев К.А. – экономика ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Мәскеу, ММУ)

Цюй Чжань – ғылым докторы, профессор (Қытай, г.Сиань, СҰУ)

Эфендиев Г.М. – техника ғылымдарының докторы, профессор (Әзірбайжан, Баку, НИИГ)

 

БАЙЛАНЫС

 

«Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ

Заңды мекен-жай: 060027, Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 45а

Пошталық мекен-жай: 060027, Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 45а

Байланысушы тұлға: ғылым және инновация жөніндегі проректор – Воробьев Александр Егорович

Тел.: 8 (7122) 324198, 360135 Е-mail: [email protected], [email protected] Сайт — https://atrmgu.kz/