2018 жылдың 28 қараша күні Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінде мектеп бітіруші және колледж түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру бағытындағы білім көрмесі өтті.
Көрме мақсаты – облыс жастарына еліміздегі алдыңғы қатарлы ЖОО туралы ақпарат беру, бітіруші түлектердің өз мамандығы мен оқу орнын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беру.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бітіруші түлектерге арналған еліміздегі техникалық бағыттағы 10-нан астам жоғары оқу орындары мен арнайы мамандар қатысқан көрме жұмысына аудан, қала мектептері және колледж бітіруші түлектері келді. Көрме жұмысында мектеп бітіруші түлектерге оқуға түсу талаптары, әлеуметтік жеңілдіктер мен қолдаулар, қосымша берілетін ішкі гранттар, сондай-ақ халықаралық студент алмасу бағдарламалары туралы жан-жақты пайдалы ақпараттар берілді.
Келуші талапкерлерге университетті таныту материалдары таратылды.