14 қараша күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жалпыхалықтық диктант» шарасына Атырау мұнай және газ университеті атсалысты.
Шараның мақсаты – латын қарпіне көшкен жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. Сонымен қатар, халықтың жаңа латын әліпбиіне деген көзқарасы мен танымын тереңдету. Сол арқылы алдағы уақытқа жоспарланған латын әліпбиіне біртіндеп көшу жоспарының негізін қалау мақсатында барша халықты жұмылдыру.
Университеттің бірнеше аудиторияларында өткізілген «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы диктантты жазуға барлық саны 1576 университет қызметкерлері мен студенттері қатысты.