Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) үйлестірушісі, б.ғ.д., профессор Б.С.Имашева Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында оқыту семинарын өткізді. Семинар тақырыбы: «Мамандандырылған аккредитация аясында жоғары оқу орнының өзін-өзі бағалау туралы есебін дайындау». Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі - бұл білім беру сапасы мен қазақстандық және шетелдік оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстанда және шетелде мүдделі тұлғаларға адал білім беру ұйымдары туралы ақпарат беру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым.
IQAA стандарттараы мен критерийлеріне сәйкес өзін-өзі бағалау туралы есепті әзірлеудің оқыту семнарына АтМГУ-дан профессорлық-оқытушы құрамынан 31 адам қатысты. Олар–проректорлар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері,оқытушылар мен құрылымдық бөлім басшылары.
Семинар барысында тыңдаушылар арнайы аккредиттеу шарттарымен, интерактивті форматтағы стандарттар талаптары мен критерийлерімен танысты. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.