Хабарландыру

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ТҮЛЕКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

2019 жылдың 27 ақпанында «Теңізшевройл» компаниясының «Өндіріс нысандарын жобалау және салу» бөлімі төмендегі мамандықтардың 2018-2019 оқу жылындағы түлектеріне презентация жүргізеді.

Мамандықтар:

  • Электр энергетикасы
  • Автоматтандыру және басқару
  • Мұнайгаз кешені нысандарын жобалау, салу және пайдалану
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы
  • Құрылыс

Презентация бөлімнің кызметі туралы және алдағы жоспарланған тестілеу және сұхбат жөнінде болады.

Презентацияның басталатын уақыты: 27 ақпан, сағат 15:00-де

Презентацияның өтетін орны: Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, №9 оқу ғимараты, 216-дәрісхана

Кәсіптік бағдар беру және
еңбекке орналастыру басқармасы