ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА
«Теңізшевройл» компаниясының ұйымдастыруымен өтетін 2019 жылғы Бос орындар жәрмеңкесіне ұсыныс беріп үлгермеген студент-түлектер өз кандидатурасын 7-10 наурыз аралығында компанияның сыртқы сайтында келесі сілтеме бойынша тіркей алады: http://www.tengizchevroil.com/careers/openjobs/ (ары қарай - Job Fair_2019).
!!! Ұсыныстың онлайн формасына студент-түлектер төмендегідей құжаттардың сканерленген көшірмесін қосуы қажет:
1. Жеке куәлік (екі жағын);
2. Диплом және қосымшасының көшірмесі (2018 жылы бітірген түлектер үшін). 2019 жылғы студент-түлектер оқу орнынан мамандығы мен оқу бітіретін күні көрсетілген анықтама алып келуі тиіс;
3. Куммулятивтік транскрипт (2019 жылғы студент-түлектер үшін);
4. Суреті тіркелген түйіндеме (ағылшын тілін меңгеру деңгейі көрсетілген ағылшын және орыс тілдеріндегі түйіндеме).
Ұсынысты тіркеу кезінде «Мамандық» бағанында мамандық атауын көрсетуі тиіс. Барлық талап етілген құжаттардың көшірмесі бір файлда жіберілуі керек.
Факс және электрондық пошта арқылы жіберілген құжаттар қабылданбайды.
Назар аударыңыз! Құжаттарын толық бермеген немесе жалған ақпарат берген түлектердің кандидатуралары қаралмайды.