7 қараша күні Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті ұйымдастырған «9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» облыстық форум жұмысына АтМГУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері де қатысты. Облыстық форумға қатысқан облыс әкімі Н.А.Ноғаев қазіргі қоғамда етек алған сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізіп отырған кері әсері туралы айта келіп, әлемді меңзеген осы індетпен күресуді әр азамат өзі міндеті ретінде қабылдауы қажеттігін атап өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ.Жұмағұлов департаменттің атқарған жұмыстарынан есеп берді. Осы шара аясында халық арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлғаны, саналы ұрпақты тәрбиелеудегі «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ атқарып отырған жұмыстарына оң бағасын берді және облыстық форум аясында АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор, э.ғ.д., профессор А.А.Абишевке Алғыс хат табыстады.