Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеу

Құрметті Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 1-2 курс студенттері!

2020-2021 оқу жылына АҚШ және Еуропа елдерінде шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуға  үміткер-студенттерді тіркеу жүріп жатыр.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер төмендегідей құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының көшірмесін;

 2) ЖОО-ң мөрімен расталған ағымдағы  оқу үлгерімі туралы транскрипт;

3) Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер келесі құжаттардың бірін ұсынады);

- шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат (IELTS-5.0 және одан жоғары, TOEFL-35-44 жоғары)

-шетелдік ЖОО-ның студентті шет тілі деңгейімен қабылдауға келісімі туралы хат (Intermediate деңгейінен төмен емес))

- қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес) или Intermediate)

4) ҚР-нан шығу кезінде 18 жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;

5) Студенттің көп балалы отбасынан екенін растайтын отбасы құрамы туралы құжат;

6) Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін));

7) Студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Құжаттар пакеті 2020 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданады.

Жоғарыда аталған құжаттардың біреуі болмаған жағдайда құжат қабылданбайды. Құжаттар пакеті  толық ұсынылуы міндетті.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз, 5 корпус, 2 қабат, №206 кабинет.