Атырау мұнай және газ институтының негізін қалаушы және алғашқы ректоры, танымал ғалым, қоғам қайраткері, бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаты, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясының академигі, Серіков Төлеуіш Пәуеденұлын еске алуға арналған музей-кабинеті салтанатты түрде ашылды.
Мақсат-адал еңбегімен, тамаша іскерлігімен, шебер ұйымдастырушылық қабілетімен мұнайшыларды даярлайтын мамандандырылған жоғары оқу орны мәртебесіне дейін жеткізген тұлғаның еңбек жолын ұлығылау, дәріптеу. Салтанатты шара барысында сөз алған Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Ө.З.Зинуллин; АтМГУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, э.ғ.д., профессор және Төлеуіш Пәуеденұлының сыйлас досы М.Т. Шырдабев; АтМГУ Директорлар кеңесінің мүшесі Т.К.Мурсалиева да өздерінің өмір жолында Т.П.Серіков секілді тұлғаның кездесіп, бірге жүріп, әріптес, замандас болғандарын үлкен бақытқа теңеді.Бүгінгі шараға алғыс шалғайда болып қатыса алмаса да, өздерінің ыстық ықыластарын білдірген қоғам қайраткерлерінің құттықтау хаттары да оқылды. Атап айтқанда "Kazenergy" қауымдастығы төрағасының орынбасары, "С.Өтебаев атындағы АтМГУ" КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ұ.С.Қарабалин мен КСРО құрметті мұнайшысы, ҚҰИА академигі К.Надиров университет қабырғасындағы қуанышпен бөлісті. Шараға қатысқан Төлеуіш Пәуеденұлының қызы-алтынның сынығындай Гаухар университеттің барша ұжымына бүгінгі әкесінің туған күнінде ерекше сыйлық музей-кабинеттің ашылуына өздерінің перзенттік ризашылықтарын білдірді. АтМГУ Басқарма төрағасы-ректор Г.Шакуликова бүгінгі шараның маңыздылығына тоқтала отырып: «Мен Төлеуіш Пәуеденұлын осыдан бірнеше жылдар бұрын, Азаттық даңғылында орналасқан корпустағы кабинетінде көрген болатынмын. Сол мезгілде ғалыммен кездесіп, өзімнің ғылыми жұмыстарымның мұнай-газ бағытында болғандықтан ағаймен пікірлесіп, жеке танысқанымды қуанышпен еске аламын. Мен осы оқу орнына тағайындалған мезгілде ең алдымен Төлеуіш Пәуеденұлы жеткізген биіктіктерді бағындыру, оқу орнының мәртебесін көтеру, т.б. ойлағанымда көңілімде қобалжу болғанын жасырмаймын. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік, үлкен сенім деп білемін. Осындай ғалым, үлкен әріпті тұлғамен кездесіп, қолын алғанымды жақсылыққа жорыдым.Осы кабинетке кірген әріптестеріміз, студент, магистранттарымыз және қонақтар Төлеуіш Пәуеденұлының сұңғыла ізденімпаздық, іскер азаматтық келбетін, өз ісіне деген адалдығынан, ғылым мен білімге берілген халыққа өлшеусіз қызмет етудің өнегесін алады деп сенеміз!»-деп, жүректен шыққан шынайы тілегін білдірді.
Музей кабинеті салтанатты түрде ашылғаннан кейін биыл оқу орнында құрылған «Түлектер ассоциациясының» төрағасы "Worley" ЖШС Бас директоры Т.А.Иманғалиев атаулы стипендия иегерлерін марапаттады. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған А.А.Чалова (ОЗХТ-16о/т), А.Л.Жұмағазиев (МГІ-17 а/т) және С.Мұхамбетқалиға (АжБ-17 о/т) салтанатты түрде «Т.П.Серіков атындағы стипендия» сертификаты табысталды.
Бүгінгі ашылған ғалым кабинетінде Төлеуіш Пәуеденұлы өзі болған кездегі жиһаз, жазбаша үстелі, кітаптары, фото мұрағаттар, құжаттар, кәдесыйлар, көркем нақыштау техникасында өз қолымен жасалған панно және т.б. жеке заттары сақталған.