2018 жылдың 20 сәуір күні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаменті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот реформасы және құқық қорғау органдары жөніндегі Комитеттің көшпелі отырысы өткен болатын.
Аталған отырыстың нәтижесі бойынша үстіміздегі жылдың 15 қазан күні Атырау мұнай және газ университетінде жоғары оқу орындарының аумақтық Прокуратура ұйымдарымен бірлескен, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары», «Апаттылық картасы» жұмысы бойынша таныстыру семинары өткізілді.
Осыған орай, семинарға прокуратура органының өкілдері: ақпараттандыру жөніндегі аға прокурор – Толстов Максим Олегович және Атырау қаласы бойынша қадағалау жөніндегі аға прокуроры Төленова Қарлығаш Демократқызы қатысып, студенттерге аталған карталар бойынша түсінік беріп, жеткілікті түрде ақпаратпен қамтамасыз етті.