МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 3-25 шілдесі аралығында жүзеге асырылады.

КТ, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау емтихандары, шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 8-16 тамыз аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.

Шетелдік білім беру ұйымдарында білім алғаны туралы құжаттарды алған тұлғалар алған білім деңгейі мен дайындық бейініне сәйкес Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарына магистратураға түсу үшін білім алғаны туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі қажет.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім алғану туралы құжаттар халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында танылады.

Магистратураға түсуші тұлғалар келесі құжаттарды ақпараттық жүйе арқылы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің қабылдау комиссиясына тапсырады:

1) Осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Жоғары білімі туралы құжаттар (қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын тапсыру);

3) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

7) тестілеуге қатысу үшін төленген төлем туралы түбіртек;

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Осы тармақта көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге оның түпнұсқасы өтініш берушінің қатысуымен салыстыру үшін ұсынылады. Тексеруден кейін құжаттың түпнұсқасы қайтарылады.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш берген үміткерлерге құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда) беріледі.

Қабылдау емтихандарын өткізу тәртібі

Магистратураға түсуші тұлғалар қабылдау емтихандарын тапсырады:

      КТ тест тапсырмаларының саны:

қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратура үшін:

1) шетел тілі бойынша тест – 50;

2) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, аналитикалық ойлау бойынша – 15;

3) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;

      Кешенді тестілеудің бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Бейіндік пәндер

Бірінші бейіндік пән

Екінші бейіндік пән

M070

Экономика

Экономикалық теория

Макроэкономика

M099

Энергетика және электротехника

Электротехниканың теориялық негіздері

Электрикалық машиналар

M097

Химиялық инженерия және процестер

Органикалық емес химия

Жалпы химиялық технология

M115

Мұнай инженериясы

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау

Технология және мұнай өндіру техникасы

M121

Геология

Жалпы және тарихи геология

Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы

Магистратураға түсуші тұлғалар шетел тілі бойынша (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз), білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша, таңдау бойынша оқуға дайындығын анықтау үшін қазақ немесе орыс тілдерінде тестіден тұратын КТ тапсырады.

КТ бойынша ең жоғары балл саны төмендегідей:

  1. қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратура үшін – 150 балл;

Кешенді тестілеуге:

қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға түсушілер үшін – 3 сағат 55 минут бөлінеді;

Өтініш берген, бірақ рұқсаттамада көрсетілген күні КТ-ға қатыспаған оқуға түсушіге тестілеу тіліне және білім беру бағдарламасы тобының бейініне сәйкес аудиторияда орын болған жағдайда келесі дәлелді себептер бойынша КТ өткізу кезеңінде келесі күндердің біріне қатысу мүмкіндігі беріледі:

1) Денсаулық жағдайы бойынша № 907 бұйрықпен бекітілген № 035-1/Е нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда;

2) Егер жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар болса, олардың тізімі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен айқындалады;

   3) Төтенше жағдайлар кезінде.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан келесі емтихандар бойынша босатылады:

Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);

Неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ C1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/C1 деңгейі);

Француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 400 балл).

Қабылдау емтихандарын тапсырған жылы қайтадан тапсыруға жіберілмейді.

Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында апелляциялық комиссияға апелляцияларды қарау жөніндегі Республикалық комиссия құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген адамдардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

Апелляциялық комиссия магистратураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштерді қабылдайды және қарайды.

Апелляциялық комиссия мамандық бойынша қабылдау емтиханының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.

Магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші тұлға апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер емтихандардың нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

Қабылдау емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.

Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Апелляциялық комиссия өтінішті қараған кезде апелляция берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

Апелляциялық комиссиялардың шешімдері комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссиялардың жұмысы төраға мен комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

Магистратураға қабылдау

Магистранттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

Магистратураға тұлғаларды қабылдау осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға (бұдан әрі 7-қосымша) сәйкес КТ үшін бағалаудың 150-баллдық жүйесінің шкаласына сай КТ қорытындысы бойынша жүзеге асырылады: кемінде 75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 15 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурстық негізде КТ және (немесе) түсу емтиханы және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:

1) Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша – 7-қосымшаға сәйкес 100 балдан кем емес;

Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға бағалаудың 50 балдық жүйесі бойынша ең жоғары балл есептеледі.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, мамандығы бойынша неғұрлым жоғары бағасы бар тұлғалар қабылдау кезінде басым құқықты алады, мамандығы бойынша түсу емтиханының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, шет тілі бойынша неғұрлым жоғары бағасы бар тұлғалар басым құқыққа ие болады. Одан кейін таңдаған мамандығының бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері ескеріледі: ғылыми жарияланымдар, соның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген, оның ішінде мақсатты орындар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға 5 қыркүйекке дейін мамандықтар бөлінісінде жоғары оқу орындары арасында одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде қайтарылады.

Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға 10 күнтізбелік күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім берудің тапсырысы бойынша магистратураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.