Магистратураға құжаттар тапсыру тізімдемесі
Магистратураға түскен тұлға университетке келесі құжаттарды тапсырады:
1) мекеме басшысының атына жазылған өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) шет тілі және т.б. бойынша (бар болса) тест тапсыру туралы сертификаты;
4) еңбек қызметін растайтын құжат пен кадрлардың жеке іс қағазы (еңбек өтілі бар тұлғаларға);
5) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
6) флюорография нәтижесімен бірге 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
7) жеке куәлігінің көшірмесі;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
9) тестке төлеген түбіртек
ЕСКЕРТУ. Осы тармақтарда көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары беріледі. Салыстырылғаннан кейін түпнұсқа қайтарылады.