15 желтоқсан күні Атырау қаласында жастар арасында «Дін және дәстүр: ғасырлар тоғысында» тақырыбында Атырау облысының Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының қолдауымен облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир барысында зайырлылық қағидаттары, деструктивті топтардың әлеуметтік мәселелері, дін мен дәстүр және қоғамның діни иммунитеті жайлы тақырыпта ойыншылар өздерінің ойларымен бөлісті. Турнирге қатысқан 8 команда (16 спикер) арасында АтМГУ студенттері үздік деп танылып, университет намысын қорғаған «Ғибрат» командасы құрамында Мұхамбетқали Санжар (АжБ-17 о/т студенті) мен Дилханов Дәурен (ТМО-17 қ/т студенті) 1 орынды иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ал осы студенттерді пікірсайыс додасына дайындап жүрген «Көшбасшы» орталығының жетекшісі Азамат Хайдарұлына университет ұжымы атынан шексіз алғыс білдіреміз.