2019 жылдың 23 желтоқсан күні Сафи Өтебаев атындағы АтМГУ базасында орын тепкен Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында «Жаңа мамандықтар атласы» бағдарламасының авторы Нұрбек Саясатпен кездесу жиыны өтті. Жиын С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұйымдастыруымен болды.
Аталған жиынның мақсаты – Қазақстандағы жаңа мамандықтар атласын әзірлеу бойынша алдағы жұмыстың міндеттерін, оқу орындарының рөлін, Атластың шеңберінде болашақ мамандарды даярлау ерекшеліктерін талқылау, сондай-ақ мүдделі тараптарды тартып, бағдарламаны әзірлеуге қатысу бойынша жалпы қадамдарды әзірлеу.
Кездесу кезінде студент жастарға келешекте еңбек нарығында қандай мамандықтың керек екендігі, қандай мамандықтың қазіргі уақытта қолданыста екендігі, ал қай мамандықтың өзгермелі екендігі түсіндіріліп, жоғары оқу орнына осы мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік жасау туралы ақпараттар айтылды.
Жиынға С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі, APEC Petro Technic колледжі және салалық компания өкілдері қатысып, барлық қатысушылар аталған бағдарламаға қатысты ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, семинар барысында қатысушылар онлайн-сауалнама жүргізу және Aтлас сарапшылары мен форсайт-сессияларына қатысушылар тобын қалыптастыру туралы, болжамды нәтижелерді растау тетіктері, форсайт-әдіснамасы және Aтлас саласы негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу туралы ақпараттарға қанық болды.