2018 жылы 13 желтоқсан күні Атырау мұнай және газ университетінде дәстүрлі бірінші курс студенттеріне арналған «Студентке арнау» салтанатты мерекесі өтті.
Шараның мақсаты – университетке осы жылы түскен бірінші курс студенттерін студент қатарына салтанатты түрде қабылдау.
Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі, Жастар саясаты және мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шара көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған қойылым түрінде өтті. Қойылым барысында оқу орнының ғимараттары, зертханалар, студенттік бірлестіктер мен клубтар, университеттегі білім беру бағдарламалары ақпараттық музыкалық сәлемдемемен қатар жүріп отырды.
Аталған салтанатты шарада АтМГУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, т.ғ.к., профессор Ә.О.Көшеков сөз сөйлеп, студенттерге алдағы оқу жылдарына үлкен сәттілік тіледі және университеттің белсенді студенттеріне алғыс хаттар табыстады.
Шара соңында университеттің оқуда үздік, алғыр жоғары курс студенттері символикалық білім кілтін, сынақ кітапшасы мен студенттік билетті салтанатты түрде бірінші курс студенттеріне табыстады.