Ардақты да аяулы аналар мен апалар!
Қымбатты да қадірлі арулар!
Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, гүлдей құлпырған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық нәзік жандар мейрамымен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ерлері атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек-ті. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша, біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Қымбатты нәзік жанды арулар!
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін бар әлемге паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға ырыс-береке, мол бақыт, шалқыған шаттық, темірдей мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, қызметтеріңізге зор табыстар тілейміз. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Әр күн Сіздерге құлпырған көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!
Игі тілекпен: Басқарма төрағасы – ректор м.а. Ә.О.Көшеков