Жаңа жыл алдындағы құттықтау

«Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Оңайбайұлы Көшеков бұрынғы институт кезіндегі дәстүр бойынша жоғары оқу орнының барлық құрылымдық бөлімдерін арнайы аралап, ұжым мүшелерін Жаңа 2019 жылмен құттықтады. Ә.О.Көшеков ұжымға жаңа жылда толағай табыс, ғылым мен білімнің биік шыңдарын бағындыру арқылы саналы ұрпақты тәрбиелеу ісіне шығармашылық табыстар тіледі. Өзінің жүрек жарды ақ жарма тілектерімен бірге ұжым мүшелеріне ректорат атынан арнайы жаңа жылдық сый-сыяпаттар табыстады.

Өз кезегінде ұжым мүшелері де «Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Оңайбайұлы Көшековті мерекемен құттықтап, ризашылықтарын білдірді. Жаңа қызметіне жетістік пен табыс тілеген шынайы құттықтауларын жеткізді.