Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған құттықтаулар

1 наурызда Атырау мұнай және газ университетінде өткен №6 Ғылыми кеңесте кеңес төрағасы, «АтМГУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор А.А. Абишев профессорлық-оқытушылар құрамының жеткен жетістіктері мен мерейтой иелеріне марапаттаулар табыстады. Олар:

1. «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-ның бас директоры Құрманғазы Есқазиев х.ғ.д., профессор, оқу орнының алғашқы ректоры Серіков Төлеуіш Пәуеденұлын 70 мерейлі жасымен құттықтау-адресатын табыс етті.

2. Мұнай-газ ісі кафедрасының профессоры Мұрадым Файзиевич Турдиевті мерейлі 75 жасымен құттықтады.

3. Серіков Төлеуіш Пәуеденұлын 70 мерейлі жасына арналған ғылыми-практикалық конференцияда үздік баяндамашыларға дипломдар табысталды.

4. «Электроэнергетика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Владимир Александрович Яшковқа ІІ халықаралық жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында өткен конкурста (Федералды мемлекеттік білім стандарты ережесі аясында) І орын дипломы және сертификаты табысталды.

5. Законов Артур Нұрғожаұлына Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшелігіне кандидат куәлігін және дипломын табысталды.

6. Дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы, профессор Асқар Халимоллаевич Қазиевті Бүкілресейлік жеңіл атлетикалық жүгіруден 3-орын алғаны үшін құттықтау.

7. Спорт ізбасарларын даярлауға қосқан үлесі және ғылыми-әдістемелік жұмысты дамытудағы зор еңбегі үшін ҚР БҒМ Ұлттық-практикалық дене тәрбиесі орталығы Басқарма төрағасы-ректор, э.ғ.д., профессор А.А. Абишевке сертификат тапсырып, төсбелгісімен марапаттады.

8. Бүкілресейлік жеңіл атлеткалық жүгіру жарысына АтМГУ командасын қатыстырып, қолдау көрсеткен Басқарма төрағасы-ректор, э.ғ.д., профессор

А.А. Абишевті грамотамен марапаттады.

 

Барлық марапат иегерлерін ұжым атынан құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық және шығармашылық табыстар тілейміз!