Оқырман абонементте әдебиеттерге тапсырыс бергенде студенттік билетін ұсынып, керек әдебиеттерге өтініш толтырады және оқырман формулярына өз қолын қояды.
Абонементте әдебиеттер төмендегі мерзімге беріледі:
- қоғамдық ғылымдар бойынша берілетін оқулықтар бір оқу жылына беріледі;
- оқулықтар және әдістемелік әдебиеттер әрбір пәннің оқытылу мерзіміне байланысты міндетті түрде қайта тіркеу бойынша сессия аралық мерзімге дейін беріледі;
- ғылыми және арнаулы әдебиеттер 2-3 данадан 20 күннен аспайтын мерзімге беріледі;
- көркем әдебиеттер 2-3 данадан 15 күнге беріледі;
Кейбір басылымның қолдану мерзімі сол басылымға басқа оқырмандардан сұраныс жоқ болса, ұзартылуы немесе басылым бір ғана дана болып көп сұранысқа ие болса, қысқартылуы мүмкін.
Әдебиеттерді белгіленген мерзімнен артық пайдаланған оқырмандардан айып ретінде кітап қабылданады. Алған әдебиеттерді жоғалтқан оқырмандар мазмұны жағынан ұқсас кітап әкеліп тапсыруы керек.
Сыртқы бөлім студенттері сессия аралық кезеңде қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етіледі.
Оқу барысы аяқталған соң, оқырмандар міндетті түрде бар оқулықтарын тапсырып қайта тіркеуден өту керек.