ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЗАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Электрондық зал өз бетімен ИНТЕРНЕТ жүйесінде жұмыс істеп  дағдыланған қолданушыларға арналған.

          Қолданушы «Тіркелу журналына» жазылып, осы ережемен танысқан соң іске кірісе алады.

Интернетті пайдалану кезекпен жүргізіледі.

Бір сеанстың ұзақтығы 60 минут (1 күнде).

Электрондық залда кезекші кітапханашы қолданушыларды тіркеп, жұмыс орнын белгілеп, оның пайдалану сеансының басталу және аяқталу уақытын белгілейді.

Кезекші кітапханашы қолданушыларға керекті кеңестер береді.

ИНТЕРНЕТ ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргізіледі. Компьютерлік желілерден порнографиялық, зорлық-зомбылыққа итермелейтін, ұлттық наразылықты өршіктіретін ақпараттарды алуға және жіберуге тыйым салынады.

ИНТЕРНЕТтің  ақылы ресурстарын пайдалануға тыйым салынады.

Құралғыда немесе программа жүйесінен олқылықтар болса, қолданушы бірден кезекші кітапханашыға хабарлауы керек.

Қолданушының алынатын электронды ақпаратты тасушыны (ФЛЕШ-КАРТА, CD және DVD ДИСКАЛАР) пайдалануына, оны кезекші кітапханашының антивирусқа тестілеуінен өткен соң ғана рұқсат етіледі.

Компьютердің қосылуын, өшірілуін кітапханашы ғана орындайды.

ИНТЕРНЕТ тек білім алу мақсатында пайдаланылады (электрондық пошта, ойын-сауық сайттарын пайдалануға тыйым салынады).

Электрондық залда тыныштық, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы тиіс (ұялы телефонмен сөйлесуге болмайды).

Жоғарыдағы көрсетілген Ережелерді бұзғандар электрондық залын қолдану құқығынан айырылады.