Студенттердің жатақханада тұру ережелері

1.Жалпы ережелер

1.1. Атырау мұнай және газ университетінің (АтМГУ)  осы Ережесі студенттік жатақхана тұрғындарының барлығы міндетті түрде орындауға жататын нормативті акт болып табылады

1.2. Жетекшілік ететін проректордың, факультет деканының және жатақхана комендантының қолы қойылған өтініш бойынша басқа қаладан келген студенттерді жатақханаға орналастыру жүзеге асады.    

1.3 Жатақханадан орын беру    барлық  мұқтаж студенттерді   қамтуға кепілдік бермейді. Студенттік жатақханадағы орын төмендегідей тәртіппен беріледі:

1) ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерге;

2) мүмкіндігі шектеулі студенттерге;

3) «Серпін» жобасы бойынша білім алушы студенттерге;

4) өзге қала мен шетел студенттеріне-мемелкеттік білім беру гранты иегерлеріне;

Осы санаттағы студенттер қамтылғаннан кейін 1)-4) бос орындар болса, ақылы негізде оқитын студенттерге төменде көрсетілген ретпен беріледі:

  1. аз қамтылған отбасынан шыққан өзге қала мен шетел студенттеріне;
  2. 1)-5) санатқа жатпайтын өзге қала мен шетелден келген 1курс студенттеріне 

1.4. Өзге қаладан келген талапкер және оның заңды өкілдері уақытша жатақханаға орналастырылмайды;

1.5 Студенттік жатақханаға орналастыру 25 тамыздан басталады.

1.6 жатақханаға орналасу кезінде АтМГУ мен студент арасында тұрғын бөлмені жалға алу туралы  екі жақты келісімшарт (2 дана) жасақталады.

1.7 Студент жатақхана комендантына  студенттік жатақханадан орын сұраған өтінішін көрсету керек және тұрғын бөлмені жалға алғандығы туралы екі жақты келісімшартты, жеке төл құжатын, медициналық анықтамасын, жатақхана ақысын төлегендігі туралы түбіртек, 3х4 фотосуретін тапысыру міндетті.

1.8 Жатақханаға орналасушы Осы Ережемен, АтМГУ-нің техникалық қауіпсіздік инженерімен жүргізілетін техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулығымен танысуы тиіс және тұлғаларды тіркеу журналына студенттік жатақханада тұру Ережесі мен қауіпсіздік техникасы  Ережесімен танысқандығын растап қол қоюы міндетті.

2. Жатақхана тұрғындарының құқықтары мен міндеттері

 2.1.    Жатақхана тұрғыны құқылы:

  • жатақханадағы оқу, мәдени-шаруашылық және  спорттық-сауықтыру бағытындағы жабдықтар мен құрал-саймандарды пайдалануға;
  • жатақханадағы өзін-өзі басқару кеңесін сайлап, өзінің де сайлануына, олардың жұмысына қатысуға;
  • студенттердің тұрмыстық-баспаналық жағдайы, жатын бөлмелер мен сабаққа дайындалатын бөлмелерді жабдықтау мен безендіру, бос уақыттарын ұйымдастыру мәселелерін шешуге Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі арқылы қатысуға.        

2.2.    Жатақханада тұрушылар міндетті:

  • жатақханаға орналасар алдында бір семестр ішінде тұруға болатындығы туралы түбіртекті  беруге, екі күн ішінде бөлме кілтінің екінші данасын жасатып, жатақхана комендантына қосымша кілтін беруге;
  • жылына екі рет оқу семестрінің басында жатақханада тұруға төлем төлеу,  төлем төлегендігі туралы түбіртекті факультет деканатына және жатақхана комендантына беруге (көшірме);
  • Жарғыны, студенттік жатақхана туралы Ережені, осы Ережені, өзге де АтМГУ-нің нормативті актілерін, қауіпсіздік техника ережесін, бөлмені жалдау Шартын сақтауға;
  • азаматтардың миграция жөніндегі заң талаптарын сақтауға, азаматтарды уақытша және тұрғылықты мекенжайында тіркеуден  өткізу талаптарын орындауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның жеке пайдалануына берілген мүлікке материалдық жауапкершілік атқаруға, жатақхана ғимаратына, жабдықтары мен мүліктеріне ұқыпты қарауға;
  •  АтМГУ-не келтірілген шығынды өтеуге, жоғалтқан немесе бүлдірген мүлік пен жабдықтардың құнын төлеуге;  
  • өзінің есебінен көпшілік пайдалану орнына және бөлмеге косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысуға;
  • оқу жылының аяғында жатақхана комендантына бөлмені толықтай тапсыруға (тұрғындар қабырға, есік, құлып, жиһаздарды бұзған жағдайда толық жөндеуі тиіс);
  • АтМГУ-нің өкілін бөлмедегі санитарлық-техникалық және басқа да жабдықтардың жағдайын қарауға, сонымен қатар қажетті жұмыстарды орындау үшін кіргізуге; 
  • тұрғын бөлмелердегі бір заттың бұзылғандығын байқаған кезде бірден оны жөндеу шараларына кірісуге және міндетті түрде жатақхана комендантына хабарлауға; 
  • бекітілген кестеге сәйкес тұрғын бөлмеге және қызмет бөлмесіне, көпшілік пайдалану орнына ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге,  тұрғын бөлмені тиісті санитарлық жағдайда ұстауға. Тазалау кестесі Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі, жатақхана қабатындағы  старостасымен құрылып, жатақхана комендантымен келісіледі.     
  • кірленуіне  қарай аптасына бір рет төсек тыстарын (көрпе тысы, төсек жайма, жастық тысы) ауыстыруға, санитарлық ереже мен нормаларды сақтауға; жеке гигиена ережесін сақтауға; 
  • су, электр жарығын үнемдеп қолдануға;
  • рұқсат етілген тұрмыстық құрылғыларды қолдануда қатаң нұсқаулықты сақтауға;
  • жатақханаға 23.00-ден кеш келмеуге;
  • жатақханада 23.00 мен 7.00 аралығына тыныштық сақтауға;
  • студенттік жатақхана комендантының, Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің, қабаттағы старостасының тапсырмасын орындауға міндетті  және комендант, студенттік кеңес пен қабаттың старостасы  егер студент студенттік жатақханада тұру Ережесін бұзған болса,  оны жатақханадан шғаруға өтініш білдіруге құқылы;
  • жатақханада өткізілетін жиналыстарға қатысуға;
  • күн сайын хабарландыру тақтасындағы ақпараттарды қарауға;
  • бөлмені жалға алу Шартына сәйкес жатақханадан біржолата шыққанда (сонымен бірге каникул кезінде) өзінің атына жазылған төсек-орын жабдықтарын және бөлмені тапсыруға. 

2.3.    Жатақханада тұрушыларға тыйым салынады:

  • өзінің рұқсат қағазын басқа біреуге беруге және жатақханада сырттан келген адамдарды қонуға қалдыруға;
  • спирттік ішімдіктер ішуге, жатақханада мас күйінде немесе есірткінің әсерінде болуға;
  • есірткі заттар мен психотроптық заттарды қолдануға, сақтауға, таратуға;
  • бөлмеде және көпшілік пайдалану орнында темекі тартуға (соның ішінде кальян);
  • жатақханаға спирттік ішімдіктерді әкелуге;
  • ЖОО аумағына, жатақхана аумағына, бөлмеге қару (пневматикалық, трамватикалық, суық қару) әкелуге, сақтауға; 
  •  «Діни сенім бостандығы және  діни бірлестіктер туралы» Заңмен тыйым салынған діни сипаттағы шараларды, жиналыстарды өткізуге;
  • өз еркімен бір бөлмеден екінші бөлмеге ауысуға;
  • инвентарьді бір бөлмеден басқа бөлмеге өз еркімен тасуға;
  • электр сымдар жүйесін жөндеуге және өзгертіп жасауға;
  • бөлмеге және көпшілік пайдалану орнына қосымша электр жылыту қондырғыларын орнатуға;
  • бөлмеден тыс радиқабылдағыштың, магнитафонның, мобильді телефонның, теледидардың даусын қатты тыңдауға;
  • тұрғын бөлмелер есіктеріндегі құлыпты өз еркімен ауыстыруға немесе қосымшаларды қоюға;
  • өз еркімен жиһазға демонтаж жасауға және бөлме ішінде қоршау жасауға;
  • студенттік жатақханада үй жануарын ұстауға;
  • би билеуді, дискотеканы және басқа да көпшілік шараларды өз еркімен ұйымдастыруға; 
  • бөлмеде және көпшілік пайдалану орнында қоқыс қалдыруға;
  • терезеден қоқыс және әртүрлі заттарды лақтыруға, су төгуге, кілем мен төсектерді терезеден қағуға, терезе сыртында тамақ сақтауға;
  • төбеге шығуға, шатырға көтерілуге, терезе алдындағы тақтайға отыруға, тұруға; 
  • түнгі 00.00 мен 06.00 аралығында тамақ әзірлеу үшін тұрмыстық бөлмені пайдалануға;  
  • түнгі 01.00 мен 06.00 аралығында жуынатын бөлмені пайдалануға (жуынуға арналған орынды кептіру уақыты);
  •             22.00 мен 16.00 аралығында жатақханаға қонақ әкелуге.

3. Осы Ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік

 

3.1. АтМГУ бекіткен осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен АтМГУ-нің нормативті актілеріне сәйкес жатақхана тұрғынына әкімшілік, тәртіптік және өзге де жазалар қолданылуы мүмкін.     

3.2. Жатақханада тұрушылар осы Ережені бұзған жағдайда оларға келесі тәртіптік жазалар қолданылады: ескерту, сөгіс, жасалған Шартты бұзғаны үшін жатақханадан шығару.

3.3. Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған жағдайда, бір аптадан кешікпей қолданылады (студенттің каникулы мен ауырып қалған мезгілін есептемей).  

4. Жатақханадан шығару негіздемесі

4.1.  АтМГУ жатақханасында тұрушы келесі жағдайларда жатақханадан шығарылуы мүмкін:

  • бөлмені басқа мақсатта  пайдаланбау;
  • тұрғындармен немесе басқа азаматтармен бөлмені және жабдықтарды қиратқан немесе бүлдірген жағдайда бұзақылық әрекеттері үшін жауап береді (есік, терезе, қабырға, еден, құлып, розетка, электр сымдар жүйесі, электрлі плита, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, су құбырының шүмегі, батарея, москитті тор және т.б.)
  • орналасу жері бойынша тіркеуден бас тартқан жағдайда;
  • жатақханада тұру ақысы бойынша шарттық міндеттемелерді бұзғандығы үшін;
  • жатақхана комендантына жазбаша ескертпей, екі айдан артық болмаған жағдайда;
  • жатақхана маңайындағы аумақта, дәлізде, бөлмелерде жүйелі түрде темекі тартып, мас күйінде немесе есірткінің әсерінде келсе;
  • есірткі заттар мен психотроптық заттарды қолдануға, сақтауға, таратуға;
  • жатақханада тұрушы жарылғыш, химиялық қауіпті заттарды, травматикалық, атыс, суық қаруларды сақтауға;
  • жатақханада тұрушы көршісінің заңды мүддесін және құқығын бұзған жағдайда;
  • Жарғыны, ішкі тәртіп Ережелерін, студенттік жатақханада тұру Ережесін, АтМГУ-нің басқа да нормативті актілерін, жатақхана бөлмесін жалға алу Шартын бір рет (немесе жүйелі) өрескел бұзғаны үшін; 
  • осы Ережені, ішкі тәртіп Ережелері мен Жарғыны бұзу себебі бойынша оқу мерзімінің соңына дейін АтМГУ-нен білім алушыны оқудан шығару;
  • тұрғынның жеке өтініші бойынша;
  • оқу мерзімінің аяқталуы бойынша АтМГУ-нен студентті шығарған жағдайда;  
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы мен АтМГУ-нің нормативті актілерімен көзделген өзге де жағдайларда.

4.2.   АтМГУ жатақханасында тұру Ережесін өрескел бұзып, шығарылған студент жатақханада қайта тұру мүмкіндігінен айрылады.

4.3. Оқу жылының аяғында тұрған бөлмесін дұрыс тапсырмаған студент, жатақханада қайта тұру мүмкіндігінен айрылады. 

4.4. Тәртіптік жаза ретінде АтМГУ жатақханасынан шығару ректор бұйрығымен жүзеге асады.

4.5. Жатақханада тұрушы бұйрық шыққан үш күн мерзім ішінде АтМГУ жатақханасынан шығарылады.