29 наурызда Атырау мұнай және газ университетінің «Планета» халықаралық келіссөздер кабинетінде АҚШ, Чехия, Польша, Әзірбайжан мемлекеттерінде «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша білімдерін шыңдап келген студенттердің есеп беруі өтті. Студенттер өздері білім алған университеттің білім беру жүйесі, оқытушылардың сабақ беру, емтихан қабылдау ерекшеліктері, өздері қатысқан кездесулер мен шаралар және сол елдің мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы әсерлерімен бөлісті. Студенттер «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуға мүмкіндік жасап, жастарды қолдап отырған университет басшылығына алғыстарын білдірді.