Студенттік кезең – адам өміріндегі қызығы мен шыжығы қатар жүретін, адамның ерекше есінде қалатын кезеңдерінің бірі. Соның ішінде, жатақхана өмірін көрген студент ғажап бір кезеңнен өтті десе де болады. Ең таза көңілдердің танысып, табысатын кезінде жатақхана өмірі үлкен рөл атқарады деп айтсақ артық айтқандық емес. Қулық-сұмдықпен әлі танысып үлгермеген балаң үміттер үлкен қалаға жетелеп әкеліп, бейтаныс жерде, жүзі бөлек жандардың арасында, ата-анасыз жаңа өмірге бейімделуі, жаңа достар табуы, барлығы да жатақханадан басталатын құбылыс.
Жатақхана өмірі түрлі ортадан келген, мінездері де өзгеше студент жастардың бір бөлмеде жиналып, бір ортаға үйренісуі олардың отбасынан алыс жерде жеке тұлға болып қалыптасуында, еңбекқорлық қабілеттерінің жетілуіне көп септігін тигізеді. Әсіресе, қыз балалардың үй шаруалары мен ас үй жұмыстарына мығым, тиянақты болуы секілді артықшылықтарын айтып кетуге әбден болады.
Соның бірі, ОЗХТ-16-1 тобының студенті Абдрахман Назира (серпін) студенттік жатақханадағы кезекшілік кезінде самса пісіру сәтінен көзге түсті. Назира самса қамырына 2 стақан суға көз мөлшерімен тұз және ұн салып дайындайды. Ал салымын ұсақтап кесілген піспеген картоп және қара бұрыш қосылған түрлі дәмдеуіштермен әзірлейді. Қамырды илеп, қоспасын салғаннан кейін, орайды. Пешті алдын ала қосып қыздырып қояды, самсаға жұмыртқаның сары уызын жағып, пешке салады.
Осылайша студенттердің үнемді, жеңіл, оңай жасалатын керемет тағамы қас қағымда дайын болды.