Атырау қаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында жастардың қатысуымен көптеген шаралар өтуде.
6 наурызда Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен «Сыңғыр шолпы шашбаулың, жарасады таққаның» тақырыбында бұрымды қыздар байқауы өтті. Шара мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеуде тәрбие көзі саналатын бұрымды қазақ қыздарына тән әшекей бұйым шашбау мен шолпыны насихаттау болып табылады. Байқауға АтМГУ студенті (ОЗХТ-16 қ/т) Қайсаева Гүлнәз қатысты.
13 наурызда Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасы жоғарыда аталған Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында «Текті сөздің төресі – терме» атты облыстық термешілер байқауын ұйымдастырды. Термешілер байқауына АтМГУ мұнай факультетінің студенті Оңайбай Бектөре қатысты.