Ғылым бөлімі КеАҚ «Атырау мұнай және газ университеті» құрылымдық бөлімі болып табылады.
Ғылым бөлімі АтМГУ ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, есепке алу және талдау мақсатында құрылды
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- университет кафедраларының ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру
- іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру
- Құрылымдық бөлімшелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру қызметін орындау
- құрылымдық бөлімшелер ұсынатын деректердің негізінде университеттің ғылыми қызметі туралы жоспарлар мен есептерін жасау
- университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу
- Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі сапасын бақылау, құжаттаманы ресімдеу ұсынылатын мәселелер бойынша;
- университеттің ғылыми қызметі бойынша аккредиттеу рәсімін өтуіне байланысты ұйымдастыру жұмыстарын орындауды;
- ғылыми бөлімшелерінің қызметіне талдау жүргізу;
- университеттің ғылыми - зерттеу қызметі бойынша бұйрықтар мен өкімдердің жобаларын дайындау;
- университетте өткізілетін және университет қатысатын іс-шараларды өткізуге байланысты ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру;
- Қазақстанда және шетелде өткізілетін ғылыми іс-шаралар туралы ақпаратпен оқытушылар, қызметкерлер, студенттерді қамтамасыз ету
- университет кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі деректерін қалыптастыру және жүргізу;
- профессор - оқытушылар құрамы, студенттердің ғылыми еңбектер шығару жөніндегі жұмыстарды үйлестіру
- факультеттер мен кафедралардың студенттердің, студенттік ғылыми бірлестіктердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру қызметін үйлестіру;
- профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-практикалық конференцияларын дайындау және өткізуді ұйымдастыру
- студенттік ғылыми конференциялар, студенттік ғылыми жұмыстар конкурстар өткізуді ұйымдастыру және өткізу