Жас ғалымдар мен мамандарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, кәсіби және ғылыми тұрғыда өсуі, сонымен қатар олардың дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдайды жасау арқылы КеАҚ «АтМГУ» ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Жас ғалымдар кеңесі құрылды.
Кеңестің міндеттері
- Оқытушылармен бірге студенттердің (бакалаврлар, магистранттар) әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысуын реттеу және қамтамасыз ету.
- Жас ғалымдардың ғылыми қызметінің нәтижелерін оқу үрдісінде қолдану мақсатында талқылаудан өткізу.
- Жас ғалымдардың ғылыми және инновациялық қызметке араласуын, нәтижелілігін арттыру:
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарына араластыру;
- Отандық және шетелдік ЖОО жас ғалымдары арасында ғылыми-шығармашылық ынтымақтастықты орнату, дамыту;
- Қазақстандық және шетелдік ғылыми, инновациялық қорлармен таныстыру және стипендия мен гранттарды алу байқауларына үміткерлерді ұсыну;
- Жас ғалымдар мен мамандарға ғылыми, инновациялық шараларды, ғылыми-зерттеуді жүргізуде көмек көрсету;
- Ғылыми оң нәтижелерді алу және оны енгізу үшін жағдай жасау.
Кеңес мақсаты
- Университетте оқу, ғылыми және инновациялық жұмыстарды дамыту, жүзеге асыру, ұйымдастыру
- Жас ғалымдарға жеткен жетістіктері үшін белгіленген тәртіп бойынша қаржылай сыйақы беру жөніндегі ұсыныстарды талқылау.
- Қазақстанда және шетелдерде өтетін түрлі деңгейдегі көрмелер, конкурстар, конференцияларға қатысуға жас ғалымдармен орындалған ғылыми-зерттеу нәтижелерін талқылау және ұсыну.
- Семинарлар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастыру.