Ағымдағы жылдың 14-15 қараша күндері Атырау мұнай және газ университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке факультет декандары, кафедра меңгерушілері және АтМГУ бөлім бастықтары қатысты. Семинар-тренингті "ISO енгізу агенттігі" ЖШС біріктірілген менеджмент жүйелері бойынша бас консультант Бандуро Анатолий Владимирович өткізді.
Бандуро Анатолий парақорлық дегеніміз не, ол қандай мәселелер мен қауіпті тудырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданатынын айтты. Чехия, Жапония, Швеция, Қытай, Үндістан сияқты елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесімен бөлісті. 10 бөлімнің әрбір тармағына толық тоқталды.
Ол халықаралық жемқорлықпен күресу күні әр жылдың 9 желтоқсанында атап өтілетінін айтып кетті. Сонымен қатар басқа елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кең ауқымдағы қандай іс-шаралар өткізіліп жатқанын жеткізді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.