Оқытушының қызметі әртүрлі деңгейдегі, яғни студенттермен, әріптестерімен және ЖОО әкімшілігімен қарым-қатынас секілді коммуникативтік байланыс жүйесіне кіреді. Олардың әрқайсысында педагогтің эмоционалдық күйінің шамадан тыс артылуына итермелейтін түрлі факторларды айтуға болады, олар: қателесу құқығының болмауы, өте жоғары талаптар мен шамадан тыс жауапкершілік, оқу материалдарымен үйде қосымша жұмыс жасау, сабаққа күнделікті дайындық. Бұл адам мінезін шыңдайды деуге келмейді, керісінше оқу орны әкімшілігі тарапынан қосымша қамқорлық пен көмекті талап етеді.
Осы мақсатта ағымдағы жылдың 13 ақпан күні университеттің «Саналы ұрпақ» аудиториясында профессорлық-оқытушылар құрамына арналған «АтМГУ-ң педагогикалық ұжымында жағымды қарым-қатынасты дамыту» тақырыбында арнайы семинар-тренинг өткізілді. Семинар АтМГУ «Дағдарыс» орталығының ұйымдастыруымен өтті (Садыкова Л. К., Рахимова Г.Б.).
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Бұл басқа адамның ішкі жан-дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Университет ұжымы мүшелерінің арасында осындай жағымды байланысты орната отырып, еңбек өнімділігін арттыруды мақсат тұтқан семинар-тренингтен ақпанның 13-14 мұнай-газ факультеті, 20-21 ақпан индустриалды-технологиялық факультет, 27-28 ақпан аралығында экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы өтеді.
МГІ факультетінің оқытушылары күлкі терапиясының, дене терапиясының, релаксацияның техникасын барынша жақсы сезініп, өз көңіл-күйлерін талдап, уақытты қызықты өткізді.